|
Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтына кірішулер, қош келдіңіздер!
Өскемен – үш ғасырлық тарихы бар даңқты қала, қала тұрғындары жеткен жетістіктерін мақтан тұта отырып, әрқашан салт-дәстүрді сақтауда. Еліміздің металлургиялық жүрегі, республикалық хоккейдің отаны, Алтайдың қазақстандық бөлігінің әкімшілдік орталығы...
Осындай қаланы басқару – күрделі, жауапты және өте қызықты. Өмір сүру жағдайын жақсартуға жан-тәнін салу, тіпті шешімін табу қиынға соғатын мәселелерді қарастыратын команданы құру – міне, Өскемен қаласының әкімдігінде қызмет жасаудың басты мәні.
Бұл сайттан сіздер қала әкімдігінің халыққа жәрдемдесуі, қаланы көркейту және дамыту жолында атқарып жатқан істері, осы бағытта сан қилы қиындықтармен күресіп келе жатқаны туралы мәлімет ала аласыздар. Мұнда респи және анықтамалық ақпарат, бөлімдер мен бағыттардың қызметі туралы, қала өмірінің барлық салалары туралы мәліметтер орналастырылады. Виртуалды қабылдау, фотогалерея, күнделікті жаңартылып отыратын жаңалықтар, пайдалы сілтемелер – біз Өскемен қаласы туралы айтып беру үшін барлық жағдайды жасадық!
Қош келдіңіздер!
Құрметпен, Өскемен қаласының әкімі
Өмірі
Таукебаев Серик Шауенович
Қала әкімінің қабылдау бөлмесінің телефон нөмірі – 8 (7232) 26-35-44
Азаматтардың қатынасу бөлімінің телефон нөмірі – 8 (7232) 26-85-68
E-mail: akim@oskemen.kz
Адрес: Қазақстан Республикасы, ШҚО, индекс 070019 Өскемен қаласы, Пермитин көшесі 17.
әр айдың екінші және төртінші сәрсенбісінде сағат 14.30-дан жүргізеді. Қабылдауға жазуды қала әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі қабылдау күні сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін жүргізеді
Функционалдық міндеттері
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Үкіметімен, Қазақстан Республикасының министрліктері және ведомстволарымен, Шығыс Қазақстан облысы әкімімен, облыс құрылымдарымен байланысты жүзеге асыру.
Қаланың атқарушы органдарының қызметтеріне басшылық жасау, салық салу, коммуналдық меншік сұрақтары.
Бюджеттің кіріс және шығыс бөлімдерін қамтамасыз ету бойынша сұрақтар, бюджеттің орындалуына бақылау жасау.
Қалалық бюджеттік комиссиясына басшылық ету.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің нормативтік актілерін орындау бойынша, болашақтағы және ағымдағы шешімдерін, міндеттерін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қаланың дамуы мен қызмет көрсетуі, реформалау жөніндегі шешімдері мен өкімдерін шешу.
Жергілікті атқарушы органдармен, прокуратурамен, қалалық ішкі істер басқармасымен, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен, сот органдарымен, әскери прокуратура, қорғаныс істері жөніндегі басқармамен, экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысына қарсы күрес жөніндегі департаментімен, ішкі қауіпсіздік, қоғамдық-саяси тұрақтылық, құқықтық тәртіпті нығайту, атқарушылық тәртіп, сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен күрес сұрақтарын шешуде келісілген жұмыстарды қамтамасыз ету.
Қабылдау күндері:
әр айдың екінші және төртінші сәрсенбісінде сағат 14.30-дан жүргізеді.
Қабылдауға жазуды қала әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі қабылдау күні сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін жүргізеді
|