Өзекті мәселелер
Қазақстанның демократиялануының жаңа кезеңі - еркін демократиялық қоғамның жедел дамуы
Ұлттық халық санағы 2009
2009 жылғы 1 қаңтарағы жағдай бойынша 2008 жылғы 25 қаңтардан 5 ақпанға дейінгі есеп беру кездесулері барысында Өскемен қаласы әкіміне қала тұрғындарынан келіп түскен ескертулерді, ұсыныстарды орындау барысы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі 
Қаланың көріктендірілуі
Өскемен қаласы азаматтарының назарына! Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының «Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес біржолғы мемелкеттік ақшалай өтемақыны төлеуге құжаттар қабылдауды жалғастыруда.
Өскемен қаласы бас жоспарының негізгі ережелер
 Тапсырысшы: «Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.
Бас жобалаушы: «Проектная фирма «ГРАДО» ЖШС Алматы қаласы.
Бас жоспар қаланы аумақтық дамытудың ұзақ мерзімді перспективаларын анықтайды және оның сәулеттік жоспарлау құрылымын, функцио-налдық-қала құрылыстық аумақтарды аймақтарға бөлуді, қызмет көрсету жүйесін ұйымдастыру бойынша принципшіл шешімдерді және жалпы қалалық маңызы бар обьектілерді ұйымдастыруды, инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуды, аумақтарды инженерлік қорғауды, экологиялық ортаны жақсарту бойынша қала құрылыстық іс-шараларды қалыптастырады.
Жобалау материалдарының құрамы мен мазмұны «Қазақстан Республикасындағы қала құрылысы жобаларын келісу және бекіту, әзірлеу тәртібі, құрамы туралы Нұсқаулыққа» сәйкес орындалған (ҚРҚНжЕ 3.01-07-2001).
Жобалау шешімдері ҚРҚНжЕ 3.01-07-2002 «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық мекендерді жоспарлау және құрылысын жүргізу» нормативтеріне сәйкес келеді.
Қаланың Бас жоспары жобасында келесідей жобалау кезеңдері қабылданды:
негізгі жыл - 01.01. 2006 жыл
есеп айырысу мерзімі - 2020 жыл
құрылыстың бірінші кезегі - 2010 жыл
Аумақтың сәулеттік-жоспарлау жобасын ұйымдастыру
Өскемен қаласының бас жоспарында көзделеді:
1) есеп беру мерзіміне 400 мың адамға дейінгі қала тұрғындары санының өсімі;
2) тұрғын үй қорымен адам басына 25 кв. орташа қамтуды жеткізумен тұрғындардың тұрғын жағдайын жақсарту;
3) күрделі және жоспарлы-ескертулі жөндеудің барлық түрін жүргізу, соның ішінде көне тұрғын қорын, оның техникалық жағдайын, моральдік тозу сатысын және тарихи-мәдени құндылығын ескерумен қалпына келтіру;
4) барлық қызмет көрсету түрлерін қамту деңгейін нормативтерге дейін жеткізумен қаланың мәдени-тұрмыстық жүйесін дамыту;
5) өнеркәсіптік кәсіпорыннан максимальды қашықтаумен экологиялық жай-күйі бойынша неғұрлым қабылдануға болатын аумақтарда жаңа тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру;
6) қаланың табиғи ландшафты аймақтарының ішіне шектеулі енгізумен перспективті жоспарлау құрылымын қалыптастыру;
7) қанаттас салынған көпқабатты және үй-жайлық құрылыстары кіретін аумақтарды аймақтарға бөлуді жүзеге асыру;
8) емдеу-сауықтыру және реакреациялық мекемелер жүйесін кеңейту және оларды неғұрлым қолайлы санитарлық-гигиеналық жағдайлары бар аумақтарда орналастыру;
9) экологиялық ортаны жақсартуға жағдай жасайтын көгалдандыру жүйесін ұйымдастыру.
Сонымен қатар, Оң жағалауда:
-тұрғын үймен қамту нормасын көтеру арқылы тұрғындарды қысқарту және нығыздау, көгалдандырылған аумақтар алаңын көбейту, бұрыннан бар арзан тұрғын қорын басқа қалалық функциялар бойынша қайта профилдеу;
-санитарлық-қорғаныш көгалдандыруды ұйымдастыру;
-табиғатты қорғау бойынша іс-шараларды жүргізу және қоршаған ортаны сауықтыру, өндіріс кәсіпорындарының шектеу қойылған ауа шығарылымдарын, жаңа технологияларды қолданумен кәсіпорындарды жаңғырту жолымен Өскемен қаласы және шектес жатқан елді мекендердің ауа бассейнінің қабылдауға болатын жағдайын қамтитын мүмкіндігі бар нормативтік деңгейге дейін төмендету қажет.
Перспективті жоспарлау құрылымы қолданыстағы бас жоспардың кеңістіктегі және уақыт шегіндегі қаланың белгілі даму кезеңін қарастыра келе негізгі ұсыныстарын сақтайды. Жаңа Бас жоспар құрамында 2030 жылға дейінгі перспективаға қала құрылысын дамытудың Концепциясы әзірленген.
Бас жоспармен аумақтарды өндірістік және қоныстану аймақтарын ерекшелеумен функционалдық аймақтарға бөлуі нақтылы көзделеді. Жоспар-лау жағынан қала аумағын радиалдық-шеңберлі құрылымын ұйымдастыру қабылданды. Бас жоспармен перспективті қала шекарасының шегінде үш шеңберді құруы болжанады. Қоныстану құрылысын айналатын қаланың сыртқы бөлігі бойынша өтетін сыртқы үлкен шеңбер транзиттік жүк автокөліктердің қозғалысы үшін тағайындалған. Орта шеңбер жаңа тұрғын аудандарды және қаланың өндіріс аудандарын әуежай жағына шыға берісте өзара жолдарын қосады. Кіші (Ішкі) шеңбер көлік қозғалысын жеңілдету үшін қаланың орталық түйінінде айнала қалыптасады. Қаланың тарихи орталығы келешекте өз маңызын сақтап қалады.
Қоныстану аумағында 6 жоспарлау аумағы кіретін болады: 4 аудан оң жағалау бөлігінде (орталық, солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс, шығыс) және 2 аудан сол жағалау бөлігінде (оңтүстік-батыс және оңтүстік). Әр жоспарлау ауданы өз кезегінде тұрғын аудандардан құралады.
Қаланың Оңжағалау бөлігі экологиялық қолайсыз жағдайлармен сипатталады. Түсті металлургия кәсіпорындары ластанудың негізгі көзі болып табылады. Тұрғын нормасын қамту, жалпы пайдалану және санитарлық-қорғаныш мақсаттағы аумақтар алаңын көгалдандыруды көбейту арқылы қаланың оңжағалау бөлігінде тұрғындарды нығыздау көзделуде. Аталған кәсіпорындардан тікелей жақын орналасқан тұрғын үй құрылысын тұрғын қорынан кезеңмен шығару ұсынылуда.
Бас жоспар бойынша жаңа тұрғын үй құрылысы сол жағалау бөлігінде басымшылықпен жүзеге асырылады. Көлік магистралінің жобалау құры-лымы қаланың өндіріс аудандарының тұрғын құрылымдарымен, қаланың кіру магистральдарынан қалыптасатын жоспаралу аудандары орталық-тарымен қолайлы байланысты (негізінде) қамтамасыз етеді.
Ертіс өзені жағалауындағы бөлігіндегі дендросаябақ, этнографиялық мұражай, хайуанаттар паркі және басқа рекреациялық және спорттық маңызы бар объектілер орналасатын рекреациялық аймақты орналастыруға көздел-ген.
Жалпы қалалық спорттық кешен XIX тұрғын ауданы аумағында көзделген. Меновной және Ахмер аудандары аралығында жалпы қалалық орталық медициналық орталық орналасатын болады.
Жаңа өндіріс аудандары бұрыннан бар өндіріс аудандарында орнала-сатын болады. Ұйымдастырылған есеп беру мерзіміне жаңа өндіріс ауданы «Молодежная» салынып жатқан теміржол станциясында қарастырылған. Есеп беру мерзіміне осы өндіріс ауданында Солжағалаулық ЖЭС орналас-тыру болжануда.
Есеп беру мерзіміне Бас жоспарда қоныстану, өндірістік және коммуналдық-қоймалық аумақтарды орналастыру үшін резервті алаңдар берілген.
Қала құрылысы дамуының экономикалық алғы шарттары
Келешекте Өскемен қаласы, кәсіпкерліктің өңіраралық және халықаралық іскерлік қатынастағы жоғары дамыған қонақ үйлерімен, мейрамханаларымен және өңіраралық ауыл шаруашылығы, кен өнімдері, жеңіл және тамақ өнеркәсібі көрмелерін жүргізу үшін көрмелік кешендері орталығымен ірі өндірістік экспортқа бағытталған ғылыми және инновациялық орталығы болып қаралады.
Индустриялық-инновациялық қала саясатының бас мазмұны бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулерді өндіру болып табылады.
Индустриялық-инновациялық саясатты іске асыру жаңа технология-ларды игеру күшімен экономиканың барлық саласын кешенді дамытуды, халықаралық сапа стандартына көшуді және жаңа сауда нарығына шығуды болжайды.
Келешекте бас жоспармен «Үлбі металлургия зауыты» (ҮМЗ) АҚ базасында кластерді қалыптастыру болжануда.
Сондай-ақ, кластерлерді ұйымдастыру үшін неғұрлым дайын бағыттардың бірі өндіріс тағамдары болып табылады:
Кеңейтілген өндіріс, дайындау және экспортқа бағытталған табиғи ірімшіктер өнімдерін сүтті кешенді қайта өңдеуге болжанған сүт тағамдары кластері «Шығыс Сүт» ЖШС базасында қалыптаса алады. Прогрессивті технологиялық өндірісті өндірумен, күнбағыс тұқымын алғашқы өңдеуден өткізумен, майды рафинация жасау цехын жабдықтаумен «Май» АҚ базасында май өнімдері кластері дамйтын болады.
Ет тағамдары өнеркәсібінің кластері «Мясная лавка» ЖШС базасында, ал балық тағамдары өнеркәсібінің кластері – «Восток-Рыба» ЖШС базасында құрылуы мүмкін.
«Тоқыма және тігу өнеркәсібі» кластерін қалыптастыру және дамыту үшін бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге қабілетті өндірісті ерекшелеумен бұдан әрі бұрыннан бар кәсіпорындарды сегментациялау, қайта құрылымдау және қайта профилдеу, франчайзингіні бағыттаумен жетекші трансұлттық компанияларды пайдалану, сондай-ақ танымал шетел фирмаларын және қаланың жеңіл өнеркәсіптік экспортқа бағытталған бірлескен шетел кәсіпорындарын құру керек.
Машина және жабдықтар, көлік құралдарын және электр жабдықтарының өндірісі бойынша кластерді қалыптастыру және дамыту өндірістік әлеуеттілігні тиімді пайдалануды, өндірістік қуаттылықты неғұрлым толық жүктеу есебінен жоғарлатуды, ішкі өндірістің және бәсекеге қабілетті өнімдерді шығарудың кеңейтілуін, мемлекетіміздің қажетті машиналарға мұқтаждықтарын, құрал-жабдықтарға және қосалқы бөлшектерге, кепілді және кейінге кепілдік беретін сервистік қызмет көрсетуге, өнім экспорттарын жоғарлату мүмкіндігін, жаңа технологияны игеруді талап етеді.
Кенді-металлургиялық кластердің жасалуы түсті металлургияның шикізат базасын және асыл, түсті және қара металлдарды шығару бойынша кәсіпорындарды дамытуға негізделеді.
Бас жоспармен құрылыстық аймақтарға бөлу жаңа тұрғын үй саясатына сәйкес қабылданды: 37,5 % - бұл үй-жайлық үйлер; көп пәтерлі бес қабатты үлерде тұрғын үй қорына жаңадан тапсырылған тұрғын үйлерден жалпы көлемі 25,1%-дан келеді; биік қабатты үйлерде (9 және одан жоғары) тұрғын үй қоры 37,4% құрайды.
Тұрғын үй құрылысының мұқтаждығы есеп беру мерзіміне адам басына жалпы көлемі 25 шаршы метрден келетін қамтудың орташа нормасынан шығуы белгіленді. Мұнда тұрғын үймен қамту есебі тұрғындар арасында кіріс деңгейі бойынша әр түрлі топтарға бөлінген өзара дифференцияланған.
2006-2020 жылдарғы кезеңге жаңа тұрғын үй құрылысының көлемі жалпы ауданы 3389,6 мың шаршы метр құрайды, соның ішінде жалпы ауданы 1272,9 үй-жайлық құрылыстар және көпқабатты 2116,7 мың шаршы метр. Соның ішінде бірінші кезектегі құрылыс кезеңінде (2006-2010 жылдары) жалпы ауданы 660,1 мың шаршы метр, соның ішінде үй-жайлық құрылысқа жалпы ауданы 351,6 мың шаршы метр және көпқабатты тұрғын үйдің жалпы ауданы 308,5 мың шаршы метрді құрайды.
Бұрыннан бар тозған және арзан тұрғын қорының кемуі жалпы ауданы 207,6 мың шаршы метрді құрайды. Бұзғаннан кейін босатылған аумақтар (109,6 га) әлеуметтік-тұрғын маңызы бар объектілерінің және көше-жол тораптарының құрылысы үшін пайдалануға болжанады. Ауданы 100 гектар аумақ өнеркәсіптік кәсіпорнынан зиян келтіретін аймақта орналасқан тұрғын үй қорынан шыққанннан кейін санитарлық-қорғаныш аймақтарын қалып-тастыру үшін пайдаланатын болады.
Көпқабатты көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы үшін тұрғын ауданның аумағы орташа тығыздығы 140-150 мың адамға 1 га болғанда 580 га бос және қайта қалпына келтірілген аумақтар қажет болады.
Үй-жайлық телімдері бар коттедждер құрылысы үшін 1720 га жер бөлінуі қажет. Мұнда орташа тығыздық 30 адамға 1 га қабылданды (ҚРҚНжЕ 3.01-07-2002, ҚРҚНжЕ 3.01-07-2001).
Халықаралық кәсіпкерлік, сауда және іскерлік қатынас орталығы ретінде қаланың өңірлік функциясын кеңетуге кіретін қалада коммерциялық-іскерлік сала әрі қарай дамиды. Сондықтан да қаланың әр түрлі аудан-дарында негізгі қала құрылысы түйіндерін қалыптастыруды толықтыратын іскерлік және көп функционалды сауда-көңіл көтеру орталықтары құрылысы-ның көлемін көбейту болжанады.
Өскемен қаласының әлеуметтік инфрақұрылымы тұрғындардың тіршілік ететін жағдайын жақсартуға, коммерциялық тиімділікті арттыруға, аумақтардың инвестициялық тартымдылығын және қала бюджетін тол-тыруға, тұрғындар өмірі деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
Барлық қызмет көрсету объектілері құрылысын іске асыру үшін саны 500 га аумақ қажет болады, соның ішінде бірінші кезекке – 117 га.
Көше-жол торабы
Магистральді көшелер мен қалалық көшелер жүйесі (МУГД) қалалық жоспарлаудың каркасы және тұрақты элементі ретінде Өскемен қаласын қалақұрылыстық дамытудың жаңа концепциясымен байланған МУГД жүйесін кезеңмен дамытуды қабылдауды алдын ала айқындайтын көлік инфрақұрылымының негізі болып табылады.
МУГД перспективті каркас жүйесі:
1) қаланы айналып өтетін көліктік ағындарды қалаға транзиттік өту үшін қалалық аумақтардың солтүстік-шығыспен, солтүстікпен, батыс және оңтүстік-батыс жағынан доға жасайтын сыртқы шеңберлі автожолды құру;
2) қала ішінен өтетін және қысқа бағыттар бойынша оң жағалау мен барлық сыртқы аймақтарды нақтылы байланыстыратын екінші жартылай шеңберлі (орта) автожолды құру;
3) бұрыннан бар қалалық транзиттік орталықты айналып өтетін транзиттік ағындарды өткізу үшін орталық ауданның айналасында ішкі шеңберді құру;
4) бастыстағы сыртқы шеңберлі автожолдан қаланың солтүстік бөлігін қиылыстыратын және ШҚО шегіне шығыс бағыттпен Ресейге өтетін хордо магистралін құру;
5) Алматы, Барнаул, Самар бағыты және Риддерге орталық аудан түйінінен радиалды шығатын, сондай-ақ Семейге шеңберлі жолы автомагистралінен шығатын сыртқы автомагистралдерді қалыптастыруды көздейді.
ҚРҚНжЕ 3.01-07-2002 талаптарына сәйкес:
барлық шеңберлі автожолдардың әр түрлі деңгейлеріндегі көліктік тарамдар және жалпы қалалық маңызы бар магистралді көшелермен, сыртқы магистралдермен;
қала жолдарының және темір жолдарымен магистралді көшелермен қиылысуындағы автожолдық желілер;
бас магистральді және аудандық магистральдермен қиылысуындағы автожолдық желілер;
сыртқы жолға шығатын және Үлбі өзені мен Ертіс өзенінен және оның ағымдарынан жалпы қалалық бас магистральдер өтетін шеңберлі автожолдарда қиылысатын қалалық көпірлер;
аудандық маңызы бар магистралдермен қозғалыстарды реттейтін және аудандық магистральдердің қиылысуындағы көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысын бағдаршамдық реттейтін жалпы қалалық магистралдер қиылысуында көзделген.
Сумен қамту
Қаланың тұрғындары мен кәсіпорындарына қызмет көрсетін, сонымен қатар өндірістік кәсіпорындар үшін техникалық су өткізгішінің жүйесі орталықтандырылған шаруашылық ауыз сулық өндірістік-өртке қарсы су өткізгішінің принципиалдық жүйесі жобамен сақталған.
Құрылыстың бірінші кезегіндегі қала бойынша суды пайдалану тәу/158,35 мың м³ құрайды, есеп беру мерзіміне – тәу/200,21мың м3.
Өскемен қаласындағы суды тұтыну мұқтаждықтарын қанағаттандыру көзінің жалпы күш-қуаты тәу/596,7 мың- м³ құрайды, бұл ауыз суға мұқтаждықтың артуын көрсетеді (есептелген мерзімге тәу/200,2 мың м³).
Суды бұру
Келешекте тазарту ғимарттарына бірыңғай жүйемен тұрғындар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардан сарқынды сулар құйылатын толық емес қолданыстағы бөлшектелген сызбасы сақталады. Мұнда тұрмыстық сарқынды сулармен тазартуға және бірлесіп бұруға жататын өндірістік сарқынды сулар шаруашылық-тұрмыстық канализацияға оларды қабылдау талаптарын қанағаттандыру қажет.
Суды бұру есебіне сай, Өскемен қаласының 1-ші кезектегі 2010 жылға құрылысына сарқынды сулар көлемі тәу/139 мың м³ және 2020 жылға дейінгі кезеңгі есеп беру мерзіміне тәу/170 мың м³ құрайды. Қоданыстағы және салынып жатқан 3-ші кезектегі канализациялық тазарту ғимараттарының жобалау өндірісітік қуаты тәу/150 мың м³ құрайды, бұл қаланың 1-ші кезектегі құрылыс мұқтаждығын қамтамасыз етеді. Есеп беру мерзіміне канализациялық тазарту ғимараттарын тәу/20 мың м³ (төртінші кезек) қосымша кеңейтілуін жүргізу қажет.
Санитарлық тазалау
Жобамен қаланың сол жағалау бөлігінде қоқыстарды қайта өңдеу кешендерінің құрылысы ұсынылуда. Осындай кешенге ТҚҚ көму үшін қайта тасымалдау, іріктеу және брикеттеу кіреді.
Жылумен қамту
Жылуландыру жүйесінде келесідей іс-шаралар көзделеді:
«AES Усть-Каменогорская ТЭЦ» және «AES Согринская ТЭЦ» өзінің саябақты ресурстарын қалыптастырған көне жабдықтарды ауыстыру арқылы техникалық қайта жаңғырту, модернизациялау, сондай-ақ әлемдік стандарт-тарға сай қазіргі деңгейдегі техникалық жағдай жасау арқылы одан әрі станцияларды кеңейту;
тұрғын үй және қоғамдық сектор құрылысы бағытындағы негізгі бағыттарға, сондай-ақ сол жағалауда Өскемен қаласының өнеркәсіптік өндірісін дамытумен байланысты Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс жоспарлау аудандарын есеп беру мерзіміне жылуды тапшылықсыз қамту үшін жаңа солжағалау ЖЭС жылу қөзінің құрылысы қажет;
ұзақ нормативтен тыс мерзімдері және пайдалануына байланысты бұрыннан бар жылу тораптарын қайта жөндеу және кезеңмен ауыстыру, сондай-ақ жаңа СЖЭС жылуландыру аймағында жаңа жылу тораптарының құрылысы.
Бұрыннан бар ЖЭС қайта жөндеу мен кеңейту жобаларының жоқтығына байланысты құрылымдық, технологиялық және экономикалық аспектілерді ескере отырып жылумен қамту жүйесін кешенді дамыту бағытын белгілеу үшін осы бас жоспардың материалдарын ескерумен қаланы жылумен қамту сызбасын кейінге қалтырмай орындау, ал кейіннен ТЭЖ және Өскемен қаласын жылумен қамтудың барлық жүйесін техникалық қайта жаңғырту және кеңейтудің жобалау құжаттамаларын орындау қажет.
Электрмен жабдықтау
Өскемен қаласының және оған шектесіп жатқан аудандардың орталықтандырылған элекр жабдықтаудың негізгі көздері: Өскемен ГЭС («AES Усть-Каменогорская ГЭС»), Өскемен ТЭЦ («AES Усть-Каменогорская ТЭЦ»), Согринская ТЭЦ («AES Согринская ТЭЦ») болып табылады.
Қаланың перспективті электрлік жүктелімін жабуы бірніші кезекте және есептеу кезеңіне бұрыннан бар ЖЭС және жаңа солжағалау ЖЭС кеңейту арқылы қамтамасыз ету жоспарлануда.
Газбен қамту
Қалалық газ шаруашылығын басқару мәселелері және оны іске асыру ұйымдастырушылық және экономикалық мәселелерді шешкен кезде ғана барлық жобалау кезеңінде ГТС тұтынушыларды қамтамасыз ету жүйесі сақталады.
Тамақ дайындау –газды пайдаланудың негізгі бағыты. Көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары ГРУ қондырғысы сыйымдылық топтарынан қамтамасыз етіледі, үй-жайлы құрылысы жайғастырылған тұрғындар – жеке балондық қондырғылардан алады.
|