Домой Написать письмо Карта сайта
каз рус eng
  
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
Поиск по сайту
 

Актуальные проблемы

Көп балалы отбасыларын қолдау туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 «Қазақстан Респубикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңына сай көп балалы аналадың наградалары Қазақстан Республикасы ордендерінің мәртебесіне ие «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқалары болып табылады.  «Алтын алқа» алқасымен он және одан көп бала туған және тәрбиелеген аналар наградталады. «Күміс алқа» алқасымен сегіз және тоғыз бала туған және тәрбиелеген аналар наградталады.

Өскемен қаласы әкімдігі жанында қала әкімдігінің қаулысымен құрылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынылатын тұлғалардың құжаттарын қарау жөніндегі комиссия 8-10 және одан көп балалары бар көп балалы аналармен үнемі жұмыстар жүргізеді. Жүргізілген талдауға қарасақ, 400 астам көп балалы аналар әр түрлі наградаларға ие. 2002 жылдан бастап «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен сәйкесінше 62 және 132 аналар наградталды.

Наградаларды тапсыру қала әкімдігінде салтанатты түрде өткізіледі. Әрбір көп балалы анаға – бұл ерекше, маңызды оқиға. Мемлекетіміздің Елбасы атынан қала әкімімен мемлекеттік награданы салтанатты тапсыруға отбасының барлық мүшелері қуана қатысады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы оқылады, әр ананың атына алғыс сөздер айтылады, батыр аналардың өздері өз балаларының, көптегені немерелерінің жетістіктері жайлы әңгімелейді, гүлдер, естелік сыйлықтары беріледі, музыкалық құттықтаулар айтылады. Көңіл-күйлері жайдары, қуанышты және жақсы сезімде болады. Осындай кездесулер барлық қатысушылардың есінде көпке дейін сақталады.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 «Қазақстан Респубикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңына сай «Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр-Ана» атағына ие болған көп балалы аналар белгіленген нормалар бойынша тұрғын үй алаңымен бірінші кезекте қамтамасыз етіледі. 2008 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Өскемен қаласы әкімдігі жанындағы кезектілік тізімінде 2009 азамат тұр, олардың 169 көп балалы отбасыларынан. 2006-2007 жылар кезеңінде 11 көп балалы отбасы тұрғын үй алаңымен қамтамасыз етілген. Отбасы мүшелерімен бірге тұрғын жайды ұстап-күтуге, сондай-ақ коммуналдық қызметке шығыстарды төлеу үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Осы төлем түрі ШҚ МЗТО ФБ Өскемен қалалық бөлімшесімен жүргізіледі. 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап ай сайынғы төлем сомасы – 4556 теңгені құрайды.

Заңмен қамтамасыз етілетін жеңілдіктерден басқа, Өскемен қаласының атқарушы билігі көп балалы отбасыларына үнемі қолдау көрсетеді және атаулы әлеуметтік көмек алуға, балалар мен мүгедектерге жәрдемақы төлеуге үнемі қолдау көрсетеді.

Сонымен, 2008 жылдың басынан қалалық және облыстық бюджет қаражаттарынан жалпы сомасы 33,7 млн. теңге болатын, қаланың 4584 азаматтарына материалдық көмек көрсетілді. Ағымдағы жылы Халықаралық әйелдер күніне облыс бюджеті қаражаттары есебінен «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградталған 360 көп балалы аналарға 10000 теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетілді. Сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаттарынан тұрақты негізде аз қамтылған отбасылар есебіндегі көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек төленеді. 2008 жылдың басынан осы көмек түрін 2253,0 мың теңге сомасында 294 аз қамтылған қала тұрғындары, соның ішінде 120 мың теңге мөлшерінде 10 көп балалы аналар алды. 6 көп балалы отбасына 128,3 мың теңге сомасында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Екі көп балалы отбасына коммуналдық қызметке төлем үшін 22,4 мың теңге сомасында тұрғын үй көмегі тағайындалды.

2006 жылдан бастап 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау және төлеу  Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

2008 жылғы қаңтар – наурыз айларында 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы 265,0 мың теңге сомасында 21 көп балалы отбасына  тағайындалды.
Мемлекеттік наградаларды алуға құжаттарын қарау тәртібі туралы кеңес алуға мына телефондарға: 26-89-65 және 57-78-35 немесе Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17 мекенжайына хабарласуға болады.

 

Домой Написать письмо Карта сайта

070000, Қазақстан, Өскемен Киров көш , 33

Сайт әкімшінің телефоны: 8 (7232) 26-52-58
e-mail: vnpolit@oskemen.kz
Copyright © 2000-2010