Домой Написать письмо Карта сайта
каз рус eng
  
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
Поиск по сайту
 

Бизнес

"Өскемен қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ

   
Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы
Көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар
Құрметті әріптестер мен серіктестер!

Құрметті кәсшкерлер шошқа тұмауы!

Шағын және орта бизнесті қолдау жобалары
Оқыту, консультациялар, ақпараттар беру
Бизнес-ортаны жақсартудағы жоба (Business Environment Improvement - BEI)
Лицензиялау
ЗУБР

Кәсіпкерлерді қолдауға 117 млрд. теңге жылына 12,5 %

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ 2009 жылғы 14 ақпанда шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыруды тұрақтандыру бағдарламасының 3-траншын іске асыру аясында 12 екінші деңгейдегі банкімен жалпы сомасы 117 млрд. теңге тұратын бас кредитік келісімге қол қойды.
Ќазаќстан Республикасыныѕ экономикасын модернизациялау мјселесі жґніндегі Мемлекеттік комиссияныѕ шешіміне сәйкес 2009 жылғы 27 қаңтар мен 2009 жылғы 10 ақпан аралығында ЕДБ тізбесі мен ЕДБ бойынша 3-транш қаражатын бөлу лимитінің көлемі анықталды.

Шағын және орта бизнесті қаржылық қолдау  механизмдерін іске асыруға қатысатын әріптес банктер мен қаржылық ұйымдар тізімі және қаражат бөлу лимиті

 

Банк атауы

Орналастыру лимиті
(млрд. теңге)

1.

«Казкоммерцбанк» АҚ

16

2.

«БТА Банк» АҚ

22

3.

«Қазақстанның халықтық жинақтаушы банкі» АҚ

11,7

4.

«АТФ Банк» АҚ

10

5.

«Банк Центр Кредит» АҚ

10

 6.

«kaspiбанк» АҚ

6

7.

«Нұрбанк» АҚ

8

8.

«Еуразиялық банк» АҚ

3

9.

«Цесна Банк» АҚ

3,3

10.

«Альянс Банк» АҚ

18

11.

«Банк Астана-Финанс» АҚ

3

12.

«Сбербанк» АҚ

6

       Барлығы

117

Кәсіпкерлерге 2009 жылғы 15 ақпаннан бастап аталған бағдарлама бойынша кредиттік ресурстар алу үшін ЕДБ-ге өтініш жазуға болады.
«Даму» қоры бағдарламаға өзгерістер енгізілгені, және олар кредит алуда қол жетімді болуына оң әсер ететінін хабарлайды.
Шағын және орта бизнес субъектілеріне аталған бағдарлама бойынша қарыз беру шарттары:
- қарыз негізгі құралдарды сатып алуға, айналым қаражатын толтыруға және қолда бар қарызды қайта қаржыландыруға (ішкі/сыртқы) беріледі;
- кредит беру мерзімі – 84 ай;
- бір қарыз алушы лимиті – 750 млн. теңге;
- Назар аударыңыз! Соңғы жылдық тиімді ставка – жылына 12,5 % аспайды;
- айналым қаражатын толтыруға берілетін, қарыздар бойынша негізгі берешекті өтеу жөніндегі жеңілдік кезеңі 6 айға дейін, басқа мақсаттарға берілетін қарыздар бойынша 12 айға дейін.
Шағын және орта бизнеске жалпы 120 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 3 млрд. теңге «Даму-Қолдау» тікелей қаржыландыру бағдарламасына, 117 млрд. теңге ЕДБ арқылы қаражатты алдын ала орналастыру бағдарламасына көзделген.

 

Құрметті кәсіпкер!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша бірінші кезектегі іс-әрекеттер жоспарын бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру аясында Өскемен қаласында екінші деңгейлі банктер арқылы «Даму» кәсіпкерліктің даму қоры» АҚ  және облыстық бюджет қаражатынан шағын және орта бизнес субъектілерінің басымды жобаларын қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Бүгінгі күні екінші деңгейлі банктерге қосымша 1275,2 млн. теңге орналастырылды. Бағдарламаларды жүзеге асыруға екінші деңгейлі банктер: «БанкЦентрКредит» АҚ, «Евразиялық банкі» АҚ, «АТФ банкі» АҚ, «Kaspi bank» АҚ қатысады. Қаржыландырудың негізгі шарттары: кредиттеудің ең көп мерзімі – 7 жыл, жылына 14,0 % аспайтын жылдық тиімді ставка, бір қарыз алушыға ең жоғарғы кредит сомасы – 300,0 мың АЕК аспайды, өндірістік бағыттылық жобалары бойынша 500,0 мың. АЕК.
Кәсіпкерлерге несиелер негізгі құралдарды жаңғыртуға және жаңадан сатып алуға, сонымен қатар бұрын алынған несиелерді қайта қаржыландыруға берілетіндігін, жобаларды қаржыландырудың салалық бағыттылығы болмайтындығын қосымша хабарлаймыз.
Сіз қосымша ақпаратқа қызығушылығыңыз болған жағдайда «Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 248267, 552847 телефоны бойынша хабарласуыңызға болады.

 

Бизнес дамыту Аймақтарының құрылуы бойынша жұмыс

Облысымызда өнеркәсіпті аймақтардың құрылуы мен қалыптасуының болашақты көрінісін көрсететін Шығыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіпті аймақтардың құрылуы туралы тұжырымдама өңделді, оның құрамына Өскемен қаласындағы өндірістік бағыттағы бизнес дамыту Аймағы енеді.
Бизнес дамыту Аймақтарының құрылуындағы жұмыстың жетекшілігі үшін Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі №88 Қаулысы бойынша «Шығыс Қазақстан бизнес дамуының аймақтық Орталығы» АҚ құрылды.
Шығыс Қазақстан облысының Экономикалық Кеңесінің мақұлдауымен өндірістік обьектілердің құрылысына тағайындалған Қазақстан Республикасының заңнамасы тұрғысынан тиым салынбаған бюджеттік қаражат пен басқа да қаражат көздерінің есебінен инфрақұрылымдық  қорлармен қамтамасыз етілетін жекеменшік кәсіпкерлік субъектілер арқылы жер учаскелерінің шекаралары белгіленді.
Қазіргі таңда бұл мақсаттар үшін Өскемен қаласында жалпы ауданы 278 га төрт жер учаскелері белгіленді, солардың ішінде: Тас карьерінің ауданы (110 га), Самар тас жолының ауданы (35 га), «УМЗ» АҚ ауданы (Шығыс алаңы) (36 га), Овечий ключ кенті (97 га). Бүгінгі күнде жер учаскелерін бөліп беру үшін құжаттарды даярлау мен келісу жүріп жатыр. Самар тас жолы ауданындағы жер учаскесін бөлуде қалалық әкімшіліктің қаулысы қабылданды.
Өскемен қаласындағы инвестициялық жобалардың орналасуына 2007 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша бизнес дамыту Аймағында өндірістерді орналастыру өтінішімен жалпы саны 15,3 млрд. теңгеге 27 арыз берілді.
Өтініш берушілердің негізгі мәселесіне жобалардың жүзеге асуы үшін қаражат көздерінің жетіспеуі болыа табылады. Қазіргі күнде екінші деңгейдегі банктермен және қаражаттандыру сұрақтарының шешілуі бойынша дамыту институттарымен белсенді жұмыс жүріп жатыр.
Барлық жобалардың мемлекет артықшылығы үшін жауап беретіндігін еске ала отырып, қаражаттандыру құжаттарының шешілуі үшін «Қазына» тұрақты дамыту Қоры» АҚ көмегі қажет.
2007 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша бизнес дамыту аймақтарының жайлы орналасуы үшін облыстық бюджеттен құрылған акционерлік қоғамның 263 млн. теңге бөлінді.
2007 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша бизнес дамыту аймақтарының жайлы орналасуы үшін облыстық бюджеттен акционерлік қоғамның жарғылық қорына бағытталған 263 млн. теңге бөлінді. Аулаларды қоршап істеу, су құбыры, канализация және электр жүйелерінің жайлы орналасуы үшін қосымша тағы 257 млн. теңге бөлу қарастырылған. Тұйық көшелердің, әкімшілік ғимараттардың, рельсті қоймалар мен жылу жүйелерінің құрылысы өте үлкен шығынды талап етеді. Осыған байланысты өнеркәсіпті аймақтардың жайлы орналасуында туындаған сұрақтарды шешуге республикалық бюджеттен шамамен 4,5 млрд. теңге бөлінуі керек.

Бизнес дамыту Аймақтары – келешекке жоба

Облысымызда кіші және орта бизнес қызметінің бағыты мен өрісінің кеңеюіне, кәсіпкерліктің дамуы үшін жайлы жағдайлардың құрылуына бағытталған бүтін шаралар кешені жүзеге асырылып жатыр. Сондықтан сапалы бәсекеге қабілетті өнім шығаруға шамаланған, белсенді түрде жұмыстың үдемелі түрлері мен тәсілдерін өндіретін кәсіпорындардың құрылуы мен дамуына ерекше назар аударылады. 
Жүзеге асырылып жатқан көрсетілген шаралар бағытының шеңберінде Шығыс Қазақстан облысында бизнес дамыту Аймақтары құрылады.
Өскемен және Семей қалаларында жаңа өнімдерді дамыту Аймақтары құрылады. Мұнда кәсіпкерлер төмендегі салалық бағыттар бойынша жаңа өндірістерді аша алады: ағашты және ағаштан жасалған өнімдерді өңдеу, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, жеңіл өнеркәсіп және машина жасау. Бұл шекаралар бюджет қаражаты есебінен өз қатысушыларының объектілердің іске кірісуі мен құрылысы кезіндегі  мұқтаждықтарын жылу және электр энергияларымен, сумен жабдықтау, канализация, көлік қатынастары, байланыс қызметтері және басқа да қызмет түрлерімен қамтамасыз ететін инфрақұрылымдық қорлармен көрінетін болады.
Шекараға жақын аудандардың қатысы  сыртқы экономикалық байланыстың дамуы үшін негіз болып табылады,  экономикалық белсенділіктің өсуі мен сыртқы тауар айналымына шығуда алдын-ала жол ашады. Кәсіпкерліктің дамуындағы басым бағыттардың біріне шетелдік бизнесмендермен өзара ұтымды бірлестік ұйымы жатады. Бұл мүмкіндік - кіші және орта бизнес дамуы айналасындағы қосымша күрделі қаржы мен жаңа технологияларды қызықтырып, бірлескен өндірістер құру мүмкіндігі. Сондықтан, Зайсан, Үржар, Бордулиха және Шемонаиха аудандарында шекараға жақын сауда мен «Майқапшағай», «Бақты», «Жезкент», «Уба» баж өтпе жолдарындағы бірлескен бизнес жүргізу Аймақтары құрылады. Электр энергияларымен, су құбырымен, байланыспен қамтамасыз етілген жер учаскелері шекараға жақын сауда ұйымдары мен бірлескен өндірістерді құру мақсатымен құрылыстың обьектілеріне жұмсалатын болады. Аумақтың салыну жобасында өндірістік обьектілер, шекараға жақын сауданың жүзеге асуына арналған орындар, әкімшілік ғимараттар, қойма бөлмелері, туристік инфрақұрылымдардың дамуындағы обьектілер қарастырылған. Құрылыс бюджет қаражаты, инвесторлар мен басқа да мүмкін болатын қаражат көздерінің есебінен жүзеге асырылатын болады. Тұрғын үй бағдарламасының жүзеге асуы үшін және Өскемен мен Семей қалаларындағы аз қамтылған тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатымен тұрғын үй құрылысына жер учаскелері бөлінеді. Жер учаскелерін бөлу тұрғын үйдің 10% коммуналды түрде, ал қалған бөлігі саудалық түрде болатын талап бойынша жүргізіледі.  
Қазіргі күннің өзінде мүмкін болатын орналастыру үшін ұсынылған әлеуетті қатысушылар арқылы жобалар қарастырылып жатыр. Ұсынылған инвестициялық жобалар бекітілген талаптарға сәйкес келу керек, сонымен қатар аймақ үшін басым салалық бағыттардың тізіміне сәйкес келіп, өнімнің экспорттық болжауы мен әкелімнің орнын басуы шамалануы керек. 
Барлық көрсетілген бастама бойынша Қазақстан Республикасының «Инвестиция туралы» Заңына сәйкес инвестициялық салық преференцияларының ұсынылуы мүмкін. Облыстағы барлық қызығушы кәсіпкерлер бизнес дамыту Аймағының аумақтарда жүзеге асуы үшін өз жобалары мен ұсыныстарын әкеле алады. 
Ұсыныстар «Шығыс Қазақстан бизнес дамыту аймақтық Орталығы» АҚ төмендегі мекен-жай бойынша қабылданады: Өскемен қаласы, М.Горкий көшесі, 40
тел. 8 (3232) 263282, тел/факс 8 (3232) 578337, сонымен бірге «ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті» ММ, мекен-жайы: Өскемен қаласы, М.Горкий көшесі, 40 тел. 8 (3232) 24-18-83,26-89-60 факс 8 3232 268927 

Бизнес дамуда


«Өркен» өнеркәсіптік даму аймағының ашылуы өтті. Ол Ертістің сол жағалауында, Самар тас жолы мен жаңа темір жолының қиылысуында орналасқан және екі жобаның да жүзеге асуын қадағалайды. Бірінші жоба – тұрғын үй құрылысына қажет темір бетондық және арматур бұйымдарын шығаруға арналады. Бұл Өскемен аумағындағы тұрғын үй құрылысының аймағында 1 млрд шаршы метр үй тұрғызу жобаланса ғана маңызды. Осындай жобалау Семейде де бар.
Екінші жоба ауылшаруашылық өнімдерінің жүзеге асуымен айналысатын екі кешенді супермаркеттердің құрылысына жауап береді. Аумақта сонымен бірге жеміс-жидектер мен көкөністердің қоймасы мен оларды қайта өңдейтін мекеме орналасады. Облыс әкімі Жәнібек Кәрібжановтың пікірі бойынша, бұл ауылшаруашылық өнімдерінің делдалдарсыз қалалықтардың үстеліне жетуіне рұқсат береді. Осыған сәйке бағалары да төмендейді.
Не бар?
Есімізге алайық, Бүгінгі күні Өскеменде төрт бизнес дамыту орталықтары белгіленген. Облыс бюджеті олардың жайлы орналасуына 263 млн. теңге бөліп қойды. Аула етіп қоршау құрылысына, су құбырының, канализация мен электр желілерінің жүргізілуіне қосымша тағы 257 млн. теңге бөлу қарастырылған.
Бірақ бұл қаражат жеткілікті емес. Темір жол тұйық көшелерінің, әкімшілік ғимараттардың, рельсті қоймалардың құрылысы көп шығынды талар етеді. Бұл мақсаттарға барлығы шамамен 4,5 млрд теңге қажет.

Келешектегі жобалар


Бүгінгі таңда бизнес дамыту Аймақтары үшін серпіліс жобаларының қатары даярланып жатыр. Мысалы, қауіпсіз әйнек өндіретін зауыттың құрылысы. Бұл қалада автомобильдерге, құрылысқа, сауда жабдықтарына және қорғаудың барлық кластарындағы брондалған әйнекке арналған әйнектерді шығаруға рұқсат береді. Тағы бір жоба фасадты бояуларды өндіретін мекемелердің ашылуын шамалайды. Бұл - үйді жергілікті материалдармен күрделі жөндеуден өткізуге мүмкіндік беретін қалдықсыз өндіріс. Бояу байқап көрілді – онымен ғимараттардың бірі сырланды. Тәжірибенің көрсеткеніндей, ол бояу үшін су да, күн де қорқынышты емес.
Сонымен қатар, Қазақстан үшін еттің түрлерінен дәстүрлі сапалы дәмді істелген тамақ өнімдерін шығару жобаланып отыр. Сөйтіп, жуырда қазы мен басқа дәмділерді дүкендерден әдемі орауыштармен көруге мүмкіндік туады. Мүмкін, осы өнімді экспортқа жіберетін болады.
Біздің анықтама. Бүгінгі күнге облыстық әкімшілікке кәсіпкерлерден өз жобаларының дамыту аймақтарында орналасуға 32 млрд. теңге сома көлемінде 38 өтініш келіп түсті. Экономикалық кеңес 9,5 млрд. теңге көлемінде алты жобаны ғана мақұлдады.

Менің қалам

 

Домой Написать письмо Карта сайта

070000, Қазақстан, Өскемен Киров көш , 33

Сайт әкімшінің телефоны: 8 (7232) 26-52-58
e-mail: vnpolit@oskemen.kz
Copyright © 2000-2010