Домой Написать письмо Карта сайта
каз рус eng
  
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
Поиск по сайту
 

Бизнес

Бизнесті дамыту аймағы

Құрметті кәсіпкер мырзалар! Іс әрекеттегі бизнесті кеңейту мақсатында, бизнесті дамыту аймағына Сіздің өндірісіңізді орналастыру жолымен индустриалды аймақ құру концепциясын жүзеге асыруға қатысуға Сізді шақырамыз.

Бизнестің даму аймағының концепциясын жер телімдерін беру арқылы жүзеге асыру,  өндіріс үшін қажетті, инфрақұрылымды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Дүние жүзілік сауда ұйымына кіру шарттарының өзі  инвестициялық жобаларға артықшылық береді.

Арнайы экономикалық аймақта орналасқан, ұқсас іс әрекеттегі кәсіпорындар үшін индустриалды аймаққа қатысушыларға жеңілдік және преференциялар беру ұсыныстарын Қазақстан Республикасы Үкіметіне  енгізу мүмкіндігі қарастырылуда.

Индустриалды Аймақтарда инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды алдын ала бағалау бойынша өнеркәсіп өндірісі өнімдерінің көлемін жылына 10 млрд. тенге көбейтуге, әлеуметтік тиімді 2 мың жаңа жұмыс орнын құруға болады, ол маңызды мультипликативті тиімділік көрсетеді және мемлекеттік бюджетке кірістерді арттыруға ықпалын тигізеді.

Бүгінгі күні Өскемен қаласында барлық ауданы 243,4 га 4 жер телімі анықталды, оның ішінде: Тас карьер ауданы (79,4), Самар тас жолы ауданы (35 га), "ҮМЗ" АҚ ауданы (Шығыс алаңша) (32га), Овечий ключ кенті (97га).

Инвесторлар индустриалды Аймақтарда өндірісті орналастыру үшін облыс әкімінің сертификатын алады. Экономикалық кеңес және департамент жобаларды таңдау кезінде кластерлі жақындықты ұстануды ұсынады. "ЖМК" теліміндегі "Өркен" индустриалды аймағында тамақ кластері, ал "Тас карьер" жер телімінде - құрылыс материалдары өндірісінің кластері құрылды.
2007 жылдың 20 желтоқсан жағдайы бойынша Өскемен қаласының 24 инвестициялық жобасы Шығыс Қазақстан облысының бизнесті дамыту аймағының 83,6 га орналасты. Берілген жобалардың инвестициялық құны 1161,0 млн тенге. 4 жоба 14га ауданымен 1161,0 млн тенге инвестициялық құнымен Шығыс  Қазақстан облысы Экономикалық кеңесімен бекіту сатысында. Бүгінгі күні аймақтың толтырылуы осы 4 жобаны есептегенде 40,1 пайызды құрайды.

Аймаққа қатысу үшін кәсіпкерлерді тарту БДА дамытуда Өскемен қаласында атқарушы органдардың қатысуында болып табылады.

2008 жыл басынан жұмыстың келесі сұлбасы ұсынылады: кәсіпкер жобаны орналастыру үшін болжамды аумақ және қажетті алаң көрсетілген, экономикалық және салалық қорытынды беру үшін бизнес-жоспар көшірмесін "Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне және "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тапсырады және өтініш жазады. Жобаның қаржылық жағдайы нақтылануы қажет.
Оңды қорытындылар негізінде Шығыс Қазақстан облысының Экономикалық кеңесінде қаралуы туралы облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіптік департаментіне қолдау хат жіберіледі.

 

Лицензиялау

Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 Қаулысы

Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 610 Қаулысы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы  Кодексіне (Салық кодексі) және «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 19 шілдедегі
№ 610 қаулысымен
Бекітілген

Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкалары

 

Р/с

Лицензияланатын қызмет түрлері

Лицензиялық алым
ставкалары айлық
есептік
көрсеткіштермен

1

2

3

1

Электр және жылу энергиясын өндіру,
беру және тарату, электр
станцияларын, электр желілері мен
кіші станцияларын пайдалану

10

2

Тау-кен, мұнай-химия, химия,
мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау
және пайдалану, газ, мұнай мен мұнай
өнімдерін сақтау объектілерін,
магистральдық газ құбырларын, мұнай
құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын
пайдалану

10(500)*

***

 

 

4

Тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыс
объектілерін газдандыру жүйесін
пайдалану

10

Ескертпе:
* Лицензиялық қызмет үшін лицензиялық алым ставкалары:
мұнай-газ өңдеу өндірістерін пайдалану - 500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК);
тау-кен, мұнай-химия, химия өндірістерін жобалау, газ, мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау объектілерін, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану - 10 АЕК.
*** 


  

Жекелеген қызмет түрлері
мен айналысу құқығы үшін
лицензиялар телнұсқасын
беру кезінде алынатын
лицензиялық алым
ставкалары

Лицензия беру
кезіндегі
лицензиялық
алым
ставкасының
100%-ы

***

  

Лицензияларды қайта
рәсімдегені үшін
лицензиялық алым
ставкалары

Лицензия беру
кезіндегі
лицензиялық
алым
ставкасының
10%-ы, бірақ 4
АЕК-тен аспайды

 

Домой Написать письмо Карта сайта

070000, Қазақстан, Өскемен Киров көш , 33

Сайт әкімшінің телефоны: 8 (7232) 26-52-58
e-mail: vnpolit@oskemen.kz
Copyright © 2000-2010