GISMETEO: Погода по г.Усть-Каменогорск

Білім беру

Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі

Жалпы мәліметтер
Ұйымның атауы: «Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
Құрылған жылы-  1923 ж.
Мемлекеттік лицензия  сериясы  АБ № 0067149
Берілген күні 10 наурыз  2009 ж.

Колледж директоры - Аскетаев Нурлан Аскетаевич

   Мекенжай: 
ШҚО, Өскемен қаласы, Амурская,1 көшесі
Байланыс телефондары/ факс: 8(7232)540-115
Электрондық мекенжай: vkgk@mail.ru

Директор орынбасарлары:
Оқу жұмысы Павлова Нина Федоровна
Тәрбие жұмысы Жунусова Назгуль Турашевна
Оқу-өндірістік жұмыс Аубакирова Алия Райымхановна

Кадрлар құрамы:

   
Атауы Саны Из них
Ғылым док торы Ғылым кандида ты Құрметті жұмысшылар Білім үздіктері Ы.Алтынсарин төсбелгісімен марапатталған
барлығы Жоғ.санат. 1 санат. 2 санат. санатсыз
1 Преподавателей 93 44 28 10 11 1 - - 11 1

Мамандықтар:

  • 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»,
  • біліктілігі 0101013 «Мектепке дейінгі  ұйымдар тәрбиешісі»
  • 0102000 «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру»,
  • біліктілігі 0102023 «Ұйымдастырушы-педагог»
  • 0103000 «Дене шынықтыру және  спорт»,
  • біліктілігі 0103023 «Дене шынықтыру және спорт мұғалімі»
  • 0105000 «Бастауыш білім беру»
  • біліктілігі 0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі»
  • 0105000 «Бастауыш білім беру»
  • біліктілігі 0105023 «Бастауыш білім берудің информатика мұғалімі»
  • 0105000 «Бастауыш білім беру»
  • біліктілігі 0105033 «Бастауыш білім берудің  шетел тілі мұғалімі»
  • 0107000 «Технология»,
  • Біліктілігі 0107013 «Негізгі орта білім берудің технология мұғалімі»
  • 0110000 «Білім беру ұйымының  лаборанты»,
  • біліктілігі 0110013 «Лаборант»
  • 0111000 «Негізгі орта білім беру»
  • Біліктілігі 0111013  «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»
  • Біліктілігі  0111063  «Өзін-өзі тану мұғалімі»
  • 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»,
  • біліктілігі 1304043 «Техник-программист»

Колледждің артықшылығы:

  • Мемлекеттік тапсырыс бойынша бюджет негізінде оқыту;
  • "4" пен "5" оқитындардың мемлекеттік стипендия алуы;
  • Қосымша мамандандыру алу мүмкіншілігі;
  • Оқу ғимаратының қасында орналасқан жатақхананың болуы;
  • Мемлекеттік стандартқа сай оқу үрдісін материалдық-техникалық жабдықталуы;
  • Колледж түлектерінің  Қазақстанның ЖОО-да оқу мүмкіндігі;
  • Дайындық курстарында  түсу емтихадарына дайындық;
  • Білім беру мекмелерінде практикадан өту образования.

Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің тарихы

Колледж символы (дөңгелек пішінді, ортасында  -ашылған кітап–білім көздері, қалам, күн шапағаттары  жаңа күнді, жаңа өмірді  бейнелейді) болашақ мұғалімдер мен тәрбиешілерді дайындайтын оқу орнының қызметін бейнелейді.
Барлық салтанатты да маңызды іс-шараларды ашатын колледж әнұранының сөзін және әнін  колледж оқытушысы -  Фаткуллина Фарида Худжатовна  жазды.

87 жыл бұрын  білім берудің уездік бөлімі бойынша  1923 жылдың 29 қыркүйегінде  №74 бұйрық негізінде  Өскемен педагогикалық техникумы  құрылды, оның бірінші директоры Толмачевский Леонид Львович  болды.  Техникум  Қазақстан көшесіндегі (бұрынғы Я.Ушанов көшесі) ғимаратта  орналасты,  қазір ол жерде мешіт.  Павел Петрович Бажов (әлемге аты әйгілі ертегі жазушы) ол кезде УХББ (уездік халыққа білім беру бөлімі) педагогикалық колледждің ашылуына себепші болды.

Бес жыл өткеннен кейін 1929 жылы  Өскемен педагогикалық техникумы  Павлодар қаласына ауыстырылды, бірақ көп ұзамай 1930 жылы  Өскемен қаласындағы  Луначарский атындағы  мектептің екі жоғарғы сынып базасында  агропедкомбинат  ашылды, оның құрамына  педагогикалық техникум енгізілді.
1958 жылы педагогикалық техникум таратылды, ал оқушылары  Петропавл училищесіне оқуларын жалғастыруға жіберілді. 
1962 жылы техникум Өскеменде қайта ашылып, педагогикалық училище болып атала бастағанда  тарихтың жаңа беттері ашылды. Ол ескі ғимаратта орналасты, оған тағы бір  Я.Ушанов атындағы бұрынғы орта мектеп біріктірілді, қазір «Халықтар Достығы үйі».
Мұғалім мамандығын алғысы келетіндердің саны күннен күнге артқандығы сондай, бұл екі ғимараттағы аудиториялар жетпеді және 1977 жылы қазіргі таңда қызмет етіп тұрған  жаңа оқу ғимараты мен жатақхана салынды.
1992 жылы нәтижелі аттестаттаудан өткеннен кейін  КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Өскемен педагогикалық уичлищесі  колледж мәртебесін алады және 1997 жылға дейін Өскемен педагогикалық колледжі деп аталды. 1997 жылы   колледждің даму кезеңінде тағы бір өзгеріс белең алды, орта арнаулы білім беру жүйесіннің қайта құрылуына байланысты Өскемен педагогикалық колледжі атауы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі болып өзгертілді. 

Колледждің материалдық-техникалық қоры
Материалдық-техникалық қор оқу үрдісін жоғары деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді.  Әр кабинетте және лабораторияда стендтер, плакаттар, макеттер бар. Бірқатар практикалық және лабораториялық жұмыстарды орындау кезінде студенттер есептеулер жүргізіп, компьютерлік сыныпта рәсімдейді. Лабораториялық және практикалық жұмыстарды жүргізу үшін  қажет әдістемелік құралдар, анықтамалық әдебиеттер бар. Арнайы дисциплиналардың жеке тақырыптары бойынша сабақтар арнайы компьютерлік бағдарламаларды пайдаланумен жүргізіледі. Сонымен қатар жеке тақырыптар мен дисциплиналар бойынша видеотека бар. 
Колледждің материалдық-техникалық қоры 39 оқу аудиторияларынан, 16о орыны бар залдан, кітапханадан, оқу залынан, 160 орыны бар асханадан, спорт залынан тұрады. Колледжде екі компьютерлік сынып, екі мультимедиаялық кабинет, Интернет желісіне шығу қамтамасыз етілген және спутникті телеарнаға қосылған.  

Колледж

Жатақхана

Спортивный зал

Медициналық кабинет

Асхана

Мультимедиялық кабинет