|
Атқарушы
Өскемен қаласының Әкімі
 Әбішев Ислам Әлмаханұлы
Әбішев Ислам Әлмаханұлы 1956 жылы 12-мамырда Өзбекстан Республикасы Шынгаз ауданына қарасты Құтша ауылында дүниеге келген. Қазақ. Қазақ политехникалық институтын (1978ж.) инженер-электрик мамандығы бойынша тәмәмдаған;
1980 жылдың қыркүйек айынан бастап - Өзбек ҒӨБ-нің «Кибернетика» институтының ғылыми қызметкері.
1981 жылдың қазан айынан бастап – Шымкент облысы Киров ауданы ХХ партсъезд совхозы комсомол комитетінің хатшысы.
1982 жылдың қыркүйек айынан бастап – Шымкент облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысы.
1983 жылдың наурыз айынан бастап – Шымкент облысы Шардара аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы.
1986 жылдың маусым айынан бастап – Шымкент облысы Шардара ауданы «Ақ-Алтын» совхозы партия комитетінің хатшысы.
1988 жылдың маусым айынан бастап – Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы «Юбилейный» совхозының директоры.
1992 жылдың сәуір айынан бастап – Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара электр желісі кәсіпорыны директорының орынбасары.
1994 жылдың маусым айынан бастап – «Мақсат» ЖФ-ның директоры, Шымкент қаласы.
1995 жылдың маусым айынан бастап – «Абай» ЖФ-ның директоры, Шымкент қаласы.
1997 жылдың сәуір айынан бастап – «Тұран» ЖТАҚ-ның директоры, Шымкент қаласы.
1999 жылдың мамыр айынан бастап – «Батсу-энергосату» ЖШС-тің бас директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы.
1999 жылдың қараша айынан бастап – «Батсу Корпорациясы» қауымдастығының президенті, Шымкент қаласы.
2000 жылдың қараша айынан бастап – Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданынің әкімі.
2003 жылдың қаңтар айынана бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкмінің бірінші орынбасары;
2009 жылдың 23 наурызынан бастап қазіргі уақытқа дейін - Өскемен қаласының әкімі.
Жеке сұрақтар бойынша азаматтарды Қабылдау күндері: екінші және төртінші сәрсенбі күндері сағат 14.30 бастап.
Жазылу қабылдау күндері сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін жалпы бөлімде іске асырылады.
Қабылдау 104 кабинетте.
Қала әкімінің қабылдау бөлмесінің
телефон нөмірі – 26-35-44
Азаматтардың қатынасу бөлімінің телефон нөмірі – 26-85-68
E-mail:
akim@oskemen.kz
Адрес: Қазақстан Республикасы, ШҚО, индекс 070019 Өскемен қаласы,
Пермитин көшесі 17.
Функционалдық міндеттері
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Үкіметімен, Қазақстан Республикасының министрліктері және ведомстволарымен, Шығыс Қазақстан облысы әкімімен, облыс құрылымдарымен байланысты жүзеге асыру.
Қаланың атқарушы органдарының қызметтеріне басшылық жасау, салық салу, коммуналдық меншік сұрақтары.
Бюджеттің кіріс және шығыс бөлімдерін қамтамасыз ету бойынша сұрақтар, бюджеттің орындалуына бақылау жасау.
Қалалық бюджеттік комиссиясына басшылық ету.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің нормативтік актілерін орындау бойынша, болашақтағы және ағымдағы шешімдерін, міндеттерін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қаланың дамуы мен қызмет көрсетуі, реформалау жөніндегі шешімдері мен өкімдерін шешу.
Жергілікті атқарушы органдармен, прокуратурамен, қалалық ішкі істер басқармасымен, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен, сот органдарымен, әскери прокуратура, қорғаныс істері жөніндегі басқармамен, экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысына қарсы күрес жөніндегі департаментімен, ішкі қауіпсіздік, қоғамдық-саяси тұрақтылық, құқықтық тәртіпті нығайту, атқарушылық тәртіп, сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен күрес сұрақтарын шешуде келісілген жұмыстарды қамтамасыз ету.
Өскемен қаласының әкімі-Өскемен қалалық «Нүр Отан» ХДП филиалы төрағасының жеке және заңды түлғаларды қабылдау кестесі
| ТАӘ |
Жұмыс орны,
лауазымы |
Партиялық
қызметі |
Қабылдау күні және
уақыты |
Мекен-жайы |
Әбішев
Ислам
Әлмаханұлы
|
Өскемен
қаласының
әкімі |
Өскемен қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалының төрағасы |
21.01.2009, 18.02.2009,
18.03.2009, 15.04.2009,
20.05.2009, 17.06.2009,
15.07.2009, 19.08.2009,
16.09.2009, 14.10.2009,
18.11.2009, 18.12.2009
сағат 14.30-дан-15.30-ға дейін |
Гагарин желекжолы, 24 - «Нұр Отан» ХДП Өскемен қалалық филиалының қоғамдық қабылдауы |
|