Домой Написать письмо Карта сайта
каз рус eng
  
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
Поиск по сайту
 

Басқару мекемелері

"Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімі" ММ

"Өскемен қаласы ішкі саясат бөлімі" ММ-нің виртуалды қабылдау бөлмесі
Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінің есебі
2010-2014 жылдарға "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемелекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары
   
Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша 2006-2007 жылдарға арналған бағдарламаның орындалуы бойынша ақпарат
"2008-2010 жылдарға арналған Өскемен қаласының Жастар және жастар саясаты" қалалық Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
   

Ұйым құрылымы:

Бастық Бакинова Бұлбұл Рамазанқызы

Бакинова Бұлбұл Рамазанқызы 1957 жылы 22 қарашада Ұлан ауданының Амангелді ауылында дүниеге келген.
1975 жылы Жамбыл атындағы орта мектепті бітіріп, сол жылы Өскемен қаласының педагогикалық институты, физико-математикалық факультетіне түсті.
Бітіргеннен кейін 1979 жылдан бастап Пушкин атындағы орта мектепте ҰКТ-да тәрбиелеуші, 1980 жылы "Красноалтайский" совхозының комсомол комитетінің хатшысы. 1984 жылы Пушкин атындағы орта мектепке ауыстырылды, 1985 жылы "Знание" қоғамының аудандық ұйымына хатшы болып сайланды.
1987-1989 жылдар аралығында Амангелді атындағы мектепте директор болып жұмыс атқарды. 1989-1990 жылдарда – аудандық білім бөлімінің әдіскері. 1990-1991 жылдары – аудандық партия комитетінің аппараты,  1991-1993 жылдарда – Ұлан ауданының  аудандық атқару комитеті,  1993 жылдан бастап 1996 жылға дейін - Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі. Өскемен қаласына ауыстырылуына байланысты қала әкімінің аппаратына ішкі саясат бөліміне жұмысқа алынды. 1998-2004 жылдары – Облыстық ақпарат басқармасының ақпараттық саясат бөлімінің бастығы. 05.07.2005ж. – "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" Мемлекеттік мекемесінде ақпараттық саясат және мониторинг бөлімінің бастығы. 2007 жылдың желтоқсанында ауыстыру тәртібімен Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат Департаментінің саяси партиялармен және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің бастығы болып тағайындалды.
2008 жылдың желтоқсанынан бастап қазіргі уақытқа дейін Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінің бастығы.
Ішкі саяси үрдістерді Мемлекеттік реттеу, ішкі саясат саласында жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; қаладағы қоғамдық-саяси жағдайға мониторинг жасау, талдау және болжау; саяси партиялармен, діни бірлестіктермен қарым-қатынас жасау,  ұсыным жасау және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру, қазақстандық патриотизимді тәрбиелеу және насихаттау; ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын  жүргізу;

26-89-34
Әр сәрсенбі сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін және жұма күні сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін

       

Бөлім бастығының орынбасары Екимова Любовь Ивановна

Қаладағы ішкі саяси үрдістерді реттеу жөніндегі жұмыстарды  ұйымдастыру. Қаладағы қоғамдық-саяси, этносаяси, діни жағдайларға мониторинг жасау, талдау және болжау, басшылықты осы салаларда болып жатқан үрдістер туралы өз  уақытында ақпараттандыру. Тұрғындармен кері байланыс жүйесін жүзеге асыру, қоғамдық пікірді  мақсатқа зерделеу, қаладағы жағдайды тұрақсыздандыруға ықпал ететін оқиғаларды болжау. Қаладағы азаматтық бейбітшілікті және ұлттық келісімді сақтау мен нығайту бойынша саяси партиялардың, діни конфессиялар, ұлттық-мәдени орталықтардың іс-әрекеттерін үйлестіру, "Қазақстан 2030" стратегиялық бағдарламаларының бөлім құзіретіне кіретін бөлімдерін жүзеге асыруға бақылау жасау. Кешенді ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізу. Қала әкімінің нормативтік-құқықтық актілерін, шешімдері мен өкімдерін, қалалық әкімдіктің қаулыларын орындауды бақылайды.

26-58-90
Каждый вторник с 14.00 до 18.00 и четверг с 14.00 часов до 18.00 часов.

       

Бас маман – бас бухгалтер Рамазанова Марина Тюлеубайқызы

Қолданыстағы нұсқауға сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу. Жұмыскерлерге еңбекақыны бөлу және өз уақытында төлеу, еңбекақы шоты бойынша аналитикалық есепті жүргізу. Негізгі құралдар есебін жүргізу, бюджет құралдарын мақсатты пайдалануға бақылау жасау. Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі есеп пен есеп берушілікті жүргізу. Бюджетке міндетті төлемдердің салықтық есеп берушілігін жасау, статистикалық есеп берушілікті жасау.

26-47-68

Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі  секторы

Сектор меңгерушісі  Серік Назира Мухаметкаликызы

Мемлекеттік ақпарат саясат және бұқаралық ақпарат құралдары мониторингінің мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру; мемлекеттік органдардың ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын медиа-жоспарлау; жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін жариялау бойынша БАҚ-мен мақсатты іс-шараларды ұйымдастырып, өткізу; журналистердің кәсіптік ұйымдарымен қарым-қатынасты қамтамасыз ету;

26-72-78

       

 

Бас маман

Қаладағы баспа БАҚ-мен өзара қарым-қатынас жасау. Баспа БАҚ, соның ішінде жарнама және полиграфиялық басылымдар туралы мәліметтер банкін құру жұмысы. Баспа БАҚ-ң қызметіне олармен заңнаманың қадағалануы үшін есепке алу және мониторинг жүргізу, лицензиялық талаптардың орындалуы, "Жарнама туралы" ҚР заңының орындалуына тұрақты бақылау жасауды жүзеге асыру. Баспа БАҚ-да ақпараттық саясатты жүргізуге мемлекеттік тапсырысты іске асыруға, жазылым науқанын жүргізуге бақылауды жүзеге асыру. БАҚ-мен өзара қарым-қатынас мәселелері жөніндегі үндеулерді қарау. Сайт әкімгері. Мемлекеттік басқару органдарының, қалалық маслихаттың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және қала тұрғындарының ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысын жүзеге асырады, Өскемен қаласының ресми Web–сайтына әкімшілік етеді, жаңа модульдерді әзірлейді, ақпараттық материалдарды жинайды және әзірлейді, техникалық атқарушыға дайын құжаттарды береді. Қаланың ресми Web–сайтына келіп түскен электронды пошталық хабарларға әкімгерлік етеді, оларды әкім аппаратының құрылымдық бөлімшелеріне және қалалық бөлімдерге бөледі, өз уақытында жауап берілуін және өтініш берушіге жіберілуін ұйымдастырады. Қала сайтының қызметіне жүйелі талдау жүргізеді, оның жақсаруы бойынша ұсыныстар әзірдейді.

26-52-58

       

 

Жетекші маман Картенова Бибигуль Максұтқанқызы

Электронды БАҚ-мен өзара қарым-қатынас жасау. Электронды БАҚ туралы мәліметтер банкін құру, оның өз уақытында толықтырылуы, қажетті ақпараттың тұтынушыларға жедел берілуі. Электронды БАҚ-ң қызметіне олармен заңнаманың қадағалануы үшін есепке алу және мониторинг жүргізу, лицензиялық талаптардың орындалуы. "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" ҚР Заңының 18 бабының орындалуына тұрақты бақылауды жүзеге асыру. Электронды БАҚ-да ақпараттық саясатты жүргізуге мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруға бақылау жасау.

26-72-78

Қоғамдық-саяси жағдайды талдау және мониторинг, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-әрекет секторы

 

Сектор меңгерушісі Дауталинов Руслан Бимолдаұлы

Қаладағы қоғамдық-саяси жағдайды талдау, қаладағы жағдайды тұрақсыздандыратын үрдістер жөнінде алдын алу шараларын әзірлеу. Қоғамдық-саяси бірлестіктермен, партиялармен және қозғалыстармен өзара байланыс, қаладағы азаматтық бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтау мен нығайту мақсатында олардың қызметтерін үйлестіру. Қазақстан Республикасының "Саяси партиялар туралы", "ҚР бейбіт жиындарды, митингтерді, шерулерді және ереуілдерді ұйымдастырып, өткізу тәртібі туралы" Заңдарының жүзеге асырылуына бақылау жасау. Қаладағы қоғамдық-саяси жағдайға талдау жасау. Қызмет құжатының сапалы орындалуына бақылау жасау, сондай-ақ бекітілген сеп берушілікті құру. Партиялар, қозғалыстар туралы мәліметтер банкін құру. Әлеуметтік қауырттылықтың ошағын табу және осы үрдістерді залалсыздандыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу. Қоғамдық құру дөңгелек үстелдерін, отырыстарды тұрақты өткізу бойынша жұмысты үйлестіру. Ішкі саяси тұрақтылыққа және қоғамды жұмылдыруға қатысты "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыруға бақылау жасау. Жалпымемлекеттік мерекелерді, акциларды және науқандарды ұйымдастырып, өткізу кезеңінде ақпараттық, бұқаралық-саяси жұмысқа тарту арқылы кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың басшыларымен өзара байланыс. Қала әкімі жанындағы ақпараттық-насихаттау топтарының жұмысын ұйымдастыру. Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат Департаментімен, қалалық бөлімдеомен насихаттау жұмыстары бойынша ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысты қамтамасыз ету. Жалпы мәселелер бойынша азаматтардың жазбаша және ауызша үндеулерін қарау. Қаладағы қоғамдық-саяси жағдайлар бойынша Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат Департаментімен, Шығыс Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясымен, қалалық бөлімдермен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысты қамтамасыз ету.  

26-51-19

       

Бас маман Қалқанбаева Бұлбұл Маутбекқызы

Қаланың үкіметтік емес ұйымдарымен өзара қарым-қатынас жасау, түрлі мәселелер бойынша ҮЕҰ бірлескен іс-шараларды, оның ішінде семинарларды,конференцияларды дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру , сондай-ақ , қала және облыстағы үкіметтік емес ұйымдармен өткізілген іс-шараларға қатысу. ҮЕҰ, срның ішінде жастар бірлестіктері туралы банкті құру, оның уақтылы толықтырылуы, үкіметтік емес ұйымдардың қызметін есепке алу және талдау жасау. Жастарарасында болып жатқан үрдістерге талдау жасау, жастар мен балалар ұйымдарының қызметіне, жастардың әлеуметтік маңызы бар бастамаларына басшылық ету және көмек көрсету; "Өскемен қаласындағы жастар және жастар саясаты" бағдарламасының жүзеге асыруға бақылау жасау, жастар ісі жөніндегі Үйлестіруші кеңестің тоқсан сайын өтетін отырыстарына дайындық.

26-58-90

       

Бас маман Романов Роман Александрович

Түрлі мәселелер бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізу. Облыста және республикада өткізілетін әлеуметтік зерттеулерге қатысу. Қалалықтардың хал-жайы мен саяси бағдарлауына талдау жасау. Әлеуметтік қауырттылық ошағын табу және оларды бейтараптандыру бойынша ұсыныстарды өңдеу. Сайлау науқаны кезінде саяси зерттеулерді ұйымдастыру, өткізу.

26-58-90

       

 

Бас маман Мухамедов Мырзабек Муқашұлы

Қаладағы этносаяси жағдайға талдау жасау. Ұлттық-мәдени орталықтармен және қауымдастықтармен өзара қарым-қатынас жасау, қала деңгейінде олардың қызметтерін үйлестіру. Мәселелерді зерттеу, қала тұрғындарының түрлі ұлт топтарының мәдени, рухани және әлеуметтік қызығушылықтарын қанағаттандыру бойынша тәжірибелік жұмыс. Қаладағы діни жағдайға талдау жасау. ҚР "Дінге сенушіліктің бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Заңының жүзеге асырылуын бақылау. Діни конфессиялармен өзара байланыс. Қаланың діни бірлестіктері, ұлттық-мәдени орталықтар туралы мәліеттер банкін өз уақытында толықтыру. Діни бірлестіктермен байланыс бойынша Кеңес отырысын даярлау. Қаланың діни бірлестіктермен өткізетін іс-шараларға қатысу. Діни бірлестіктермен, ұлттық-мәдени орталықтармен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру.

26-51-19

       

 

Жетекші маман Жақыпов Ерлан Жұмашұлы

Жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру. Тұрғындардың жыныс және жас ерекшеліктерін, ұлттық, кәсіптік және әлеуметтік сипаттарын есепке ала отырып дифференциалды бұқаралық-саяси жұмыстар жүргізу, саясаттану мен саяси технологиялардың озық түрлері мен тәсілдерін пайдалану. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамды жұмылдыруға қатысты "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру. Қала Әкімі жанындағы ақпараттық-насихаттау топтарының жұмысын ұйымдастыру.

 

 

Домой Написать письмо Карта сайта

070000, Қазақстан, Өскемен Киров көш , 33

Сайт әкімшінің телефоны: 8 (7232) 26-52-58
e-mail: vnpolit@oskemen.kz
Copyright © 2000-2010