|
Басқару мекемелері
"Жергілікті өзін-өзі баскару комитеттер" туралы ақпарат
 Өскемен қаласы әкімдігінің "Істер жөніндегі басқарма"
КМҚК филиалы № 7 жергілікті өзін-өзі басқару комитеті
№ 7 өзін-өзі басқару комитетіне келесі аймақ тіркелген: Спорт Сарайынан бастап Востокмашзавод, Ленин даңғылы, Бражинский ручей, ААҚ «Казцинк», ААҚ «УК УМЗ», «Стройплощадка», «Заульбинка», «Тополинная роща», «Комендантка», «Квартал».
Мына мекен-жай бойынша орналасқан – 070018 Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, № 167, тел. 424-643
САМОЙЛОВ ВАСИЛИЙ ИВАНОВИЧ –
1938 жылдың 25 маусымында Курс облысының, Суджанск ауданының, Паровая ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1955 жылдан бері комсомол жолдамасы арқылы Надвойцк аллюминий зауытын құруда жұмыс атқарған, осы жерден 1957 жылы Кеңес армиясының қатарына шақырылған. Борышын өтегеннен кейін комсомол жолдамасымен Өскемен қаласына келген, 1960 жылдан бері осы жердің тұрғыны. 1960 жылдан 1969 жылға дейін «Алтайсвинецстрой» иресінде еңбек атқарып, 1969 жылдан 1998 жылға дейін «Алтай» спорткомплекстін меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1996 жылдан бастап осы күнге дейін № 7 жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы. 1976 жылы Омск қаласының мемлекеттік институтының дене мәдениеті және спорт факультетін бітіріп, дене мәдениеті мен спорт пәнінің мұғалімі деген мамандық алып бокс бойынша көпшілік дәрежелі спортшыларды, шебер кандидаттарын және спорт шеберлерін, сондай ақ халықаралық класс шеберлерін тәрбиеленген. Зайыбы, бөлек тұратын балалары және бес немересі бар.
1989 жылдан бастап – қалалық халық депутаттар кеңесінің депутаты. 1995 -1999 жылдар аралығында қалалық маслихатының депутаты болған. 2003 жылдан бастап қалалалық маслихатының депутаты. Депутат болып азаматтардың құқықтары мен заңды сақтау бойынша қалалық комиссиясының төрағасы, көпшілікке сауда және халық тұрмыс қажетін өтеу қызметі, қалалық жасоспірім істері бойынша комиссияның мүшесі, әкімшіліктөрағасының орынбасары ретінде жұмыс атқарды. «Невада - Семей» қоғамдық қозғалысының мүшесі. «Отан» партиясының мүшесі. № 7 жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы іс-әрекетінің қызметінде комитетаумағында тұратын тұрғындарға және өзінің сайлаушыларына жан жаққа қарасты көмек көрсетеді, Конституциялық принциптердің шегінде әрекет ететін қоғамымыздын көтеруге бағытталған барлық қоғамдық және бастамалық қозғалыстарды қолдайды.
Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер жөніндегі басқарма» Комуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның «№8 жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің филиалы»:
Филиал директоры - Ежитская Татьяна Тимофеевна.
Ежитская Татьяна Тимофеевна, 1955 жылы ШҚО Глубокий ауданы, Быструха ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Институтының химия биология факультетін бітірген, білімі жоғары.
Өз еңбек жолын 1976 жылы ШҚАЗ химиялық зертханасында лаборант қызметінен бастады.
1994 жылы «Алые паруса» «Алтайэнерго» ААҚ бала-бақшасында жұмыс істеді.
2001 жылы «Мирный» жасөспірімдер клубының педагог-жетекшісі.
2003-2007 ж. қалалық маслихат депутаты.
2005 жылдан Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер жөніндегі басқарма» Комуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның «№8 жергілікті өзін-өзі басқару комитеті филиалының» директоры.
Отбасы бар.
Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер жөніндегі басқарма» Комуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның «№8 жергілікті өзін-өзі басқару комитеті филиалына» келесі жер аумағы бекітілген:
Аяз көшесі, Ақмола көшесі, Ақтөбе көшесі, Барнаул көшесі, Башиков көшесі
Беспалов көшесі, Виноградов көшесі (тақ жағы), Владивосток көшесі, Вологод көшесі, Гагарин Бульвары, Грузин көшесі, Гурьев көшесі, Д. Бедный көшесі, Добролюбов көшесі, Доватора көшесі, 2-ші Заречный, Карбышев көшесі, Көкшетау көшесі, Көпір көшесі, Комаров көшесі, Коминтерна көшесі
Красногвардейская көшесі, Куратов көшесі, Курчатов көшесі, Якутская көшесі, Л. Чайкина көшесі, Ломоносов көшесі, Магистральный көшесі, Машукова көшесі, Маяковский көшесі, Микояна, сонымен қатар жер үй, Морская көшесі, Петропавловская көшесі, Революционная көшесі, Речная көшесі, Тәуелсіздік даңғылы №39-175 (тақ жағы), Түзу көшесі, Тың жер көшесі, Сафонов көшесі, Севастопольская көшесі, Стахановская көшесі, 68, Шевченко көшесі.
Қиылыстар: Гурьевский, Дружбы, Куратова, Морской, Сухой, Тың жер, Энергетический, Лопатинский
Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер жөніндегі басқарма» Комуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның «№8 жергілікті өзін-өзі басқару комитеті филиалының» орналасқан жері Гагарин Бульвары, 20
Телефон: 429264, 422557
Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер жөніндегі басқарма»
КМҚК филиалы № 10 жергілікті өзін-өзі басқару комитеті
Мен, Дүйсембаев Данияр Бекқазыұлы 1979 жылыдың 15 қыркүйегінде Семей облысы, Шұбартау ауданы, Өркен ауылында дүниеге келдім. 1986-1996 жылдар аралығында С. Нұғыманов атындағы орта мектебін бітірдім. 1996 жылы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ филология факультетіне түсіп, 2000 жылы сол факультеттің «Қазақ тілі және әдебиет» мұғалімі мамандығын алып шықтым. 2005-2007 жылдар аралығында Орта Азиялық Университетінің заң факультетіне түсіп, «заңгер» мамандығына ие болдым. 2000-2002 жыл аралығында Өскемен қаласындағы «Мелада» ЖШС күзетші болып жұмыс істедім. 2002-2003 жылдары № 64471 ә/б әскери борышымды атқардым.
2003-2004 жылдары ІІБ Улбі ПБ мемлекеттік тілді дамыту тобының инспекторы мамандығында жұмыс атқардым.
2004-2006 ШҚО ІІД лицензиялық рұқсат беру жүйесінің инспектор қызметінде болдым.
2006 жыл Ішкі саясат бөлімінде арнайы сайт аудармашысы ретінде жұмыс атқардым.
2006-2007 жылдары С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ішкі қауіпсіздік бөлімінің бастығы болдым.
2007 жылдын 29 маусымынан бастап Өскемен қаласындағы КМҚК «Істер басқармасы» № 10 филиалының директоры.
Өскемен қаласындағы «Нұр-Отан» ХДП филиалының төрағасы алғыс хатымен марапатталып және С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры «Аманжоловские чтения - 2007» Халықаралық ғылыми - практикалық конферецияға белсене қатысқаным үшін алғыс жариялады.
Отбасылық жағдайы – үйленгем. Қазіргі уақытта Өскемен қаласы 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 46-32 тұрамын , ү.т. 55-85-82.
|