|
ТҮКШ / ПИК Ассоцияциясы
Үйді ПИК құрамынан қалай шығаруға болады
Жауап. Басқа үйлермен бiрге үй-жайлар иелерiнiң бiр кооперативi басқаратын тұрғын үй-жайдың иелерi көпшiлiк болып қабылданған шешiм бойынша осы кооперативтiң құрамынан шығып, өзiнiң жеке кооперативiн құруға, басқа кооперативке ауысуға не кондоминиум объектiсiн басқарудың өзге нысанын қолдануға құқылы.
Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативiн құру
1. Көп пәтерлi тұрғын үйдi немесе үйлер тобын басқару үшiн үй-жайлар иелерiнiң кооперативтерi, ал қоса салынған тұрғын емес үй-жайлары жоқ үйлер үшiн - пәтерлер иелерiнiң кооперативтерi құрылуы мүмкiн. Пәтерлер иелерi кооперативiнiң құқықтық жағдайы үй-жайлар иелерi кооперативiнiң құқықтық жағдайымен бiрдей.
2. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативi кондоминиумның екi немесе одан да көп қатысушыларынан тұруы мүмкiн. Кәмелетке толмаған азаматтардың мүдделерiн заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен олардың ата-аналары, қорғаншылары немесе қамқоршылары бiлдiредi.
3. Құрылтай жиналысының өткiзiлгенi туралы кооператив құрудың бастамашылары әрбiр үй-жайдың (пәтердің) иелерiне жиналыс өткiзiлетiн болып белгiленген күннен кемiнде он күн бұрын хабарлауға тиiс.
4. Егер кооперативтiң құрылтай жиналысына кондоминиумға қатысушы үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң немесе олардың сенiм бiлдiрген адамдарының кемiнде жартысы қатысса, ол өткiзiлген болып танылады.
5. Егер жиналысқа үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң немесе олардың сенiм бiлдiрген адамдарының жартысынан азы қатысса, жиналыс өткiзiлмеген болып танылады.
Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысты қайта шақыру және жазбаша сауалнама жүргізу туралы шақыру белгіленген күнге дейін кемінде күнтізбелік он күні бұрын хабардар етіледі. Қайта өткізілетін жиналысқа дейін кондоминиум объектісін басқару органы немесе үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативін құру бастамашылары күн тәртібі мәселелері бойынша үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің үштен екісінен астамының пікіріне жазбаша сауалнама жүргізеді.
Қайта өткізілген жиналыс оған қатысушылардың санына қарамастан өтті деп танылады. Жиналысты жүргізу үшін төраға мен хатшы сайланады. Жазбаша сауалнаманың нәтижелері қайта өткізілген жиналыстың хаттамасына енгізіледі.
6. Әрбiр үй-жай иесiнiң құрылтай жиналысында бiр даусы болады. Бiрнеше үй-жай иесiнiң тиісінше дауыс саны болады.
Құрылтай жиналысының шешiмi жиналысқа қатысушылардың немесе олардың сенiм бiлдiрiлген адамдарының бiлiктi үштен екi даусымен қабылданады.
7. Құрылтай жиналысы мынадай мәселелер жөнiнде шешiмдер қабылдайды:
1) үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативiн құру;
2) кооператив Жарғысын бекiту;
3) кооператив басқармасының төрағасын, басқарма мен тексеру комиссиясының мүшелерiн сайлау.
Құрылтай жиналысы кондоминиум объектiсiне қатысты басқа да мәселелердi қарауға құқылы.
8. Үй-жайлардың кооператив iстерiн басқаруға қатыспайтын иелерi кооперативтiң барлық мүшелерiмен қатар кондоминиум объектiсiн ұстауға қажеттi мөлшерлi ақша төлеп және (немесе) еңбекпен қатысуға, кондоминиум объектiсiн басқару органдарының ортақ мүлiктi ұстау мен пайдалануға қатысты және үйдiң берiктiгi мен пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн барлық шешiмдерiн орындауға мiндеттi.
Үй-жай иелерiнiң кооперативтерiн тiркеу және қайта тіркеу
1. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативi оның белгiленген тәртiпке сәйкес мемлекеттiк тiркеуден және қайта тіркеуден өткен кезiнен бастап құрылған болып есептеледi және заңды тұлға құқығына ие болады.
2. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативiн тiркеу және қайта тіркеу үшiн тiркеушi органға:
1) өтiнiш;
2) кондоминиум объектiсiндегi үй-жайлар иелерiнiң құрылтай жиналысының хаттамасы немесе жазбаша сауалнаманың қорытындылары бойынша дауыс беру парақтары бар хаттамасы;
3) үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативiнiң Жарғысы;
4) кондоминиумды тiркеу және қайта тіркеу туралы мемлекеттiк акт табыс етiледi.
3. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативтерiн құруға жан-жақты көмек пен жәрдем көрсетуге тиiс.
4. Құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бойынша мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу мерзімі кідіртіле тұрады.
5. Тiркеуге және қайта тіркеуге тапсырылған құжаттар он бес күнге дейiнгi мерзiмде қаралады. Аталған мерзiм iшiнде тiркеушi органның:
1) кооперативтi тiркеу және қайта тіркеу туралы;
3) кооперативті тіркеуден дәлелді бас тарту туралы шешімі қабылданады.
6. Заңды тұлғаны құрудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртібі бұзылған немесе оның құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтерін тіркеуден бас тартылуға тиіс.
7. Тiркелген кооперативке бес күн мерзiмде тiркеу және қайта тіркеу туралы куәлiк берiледi.
8. Тiркеушi органның шешiмiне сот тәртiбiмен шағым берiлуi мүмкiн.
Сұрақ: Үй-жайлар иелерінің құқықтары және міндеттері қандай?
Жауап: Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кондоминиумдағы құқықтары
1. Үй-жайлардың (пәтерлердің) барлық меншiк иелерi-кондоминиумға қатысушылар ортақ мүлiктi басқаруда тең құқыққа ие болады.
2. Үй-жай (пәтер) иесiнiң ортақ мүлiктi, сондай-ақ жер учаскесiн басқа меншiк иелерiмен қатар пайдалануға құқығы бар.
3. Үй-жай иелерiнiң басқа жерде тұруы, сондай-ақ үй-жайды пайдалану құқығын басқа адамдарға беруi үй-жайды меншiктенушi құқықтарының шектелуiне әкелiп соқпайды және меншiк иесiн оған заңдармен, кондоминиум объектiсiн басқару жөнiндегi меншiк иелерiнiң келiсiмiмен немесе меншiк иелерi бiрлестiгiнiң Жарғысымен жүктелетiн мiндеттерден босатпайды.
4. Үй-жайлардың (пәтерлердің) иелерi ортақ мүлiктiң өздерiне бекiтiлiп берiлген пайдаланылуы шектеулi бөлiгiн үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң келiсiмiнде белгiленген ережелермен пайдалануға құқылы.
Үй-жай (пәтер) иесiнiң пайдаланылуы шектеулi қандай да болсын ортақ мүлiктi өз атынан иелiктен шығаруға құқығы жоқ.
Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң мiндеттерi
1. Үй-жайлардың (пәтерлердің) иелерi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мiндеттердi атқарады.
2. Үй-жайлардың (пәтерлердің) иелерi ортақ мүлiк пен үйдi ұстауға жұмсалатын барлық шығыстарға қатысуға мiндеттi, ортақ мүлiктiң және дара (бөлек) (өзiндiк) меншiктегi үй-жайлардың сақталуы мен қауiпсiз пайдаланылуына жауапты болады.
3. Ортақ мүлiктi ұстауға жұмсалатын шығыстардың мөлшерi, егер меншiк иелерiнiң келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, үй-жай (пәтер) иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесiне мөлшерлi белгiленедi.
ПИК Басқарушысының өкілеттілігі қандай
Жауап: Басқарушының міндеттері Басқарма төрағасының міндеттерінен өзгеше. Бірақ Төраға көбінесе жылжымайтын мүлік Басқарушысымен орындалатын қызметтерді орындайды. Көп жағдайларда өз жұмысында Басқарушы Басқарма Төрағасымен байланыс жасайды.
Өкілеттілігі:
1.Жалпы басқару. Басқарушы мүлікті пайдалануға: ғимараттағы тазалықты сақтауға, ғимаратты профилактикалық қызметінің тиімді бағдарламасына жауап береді.
2. Персоналдың жұмысына бақылау: жұмысты белгілеу, жалдамалы қызметкерлерге олардың міндеттері мен жұмыс талаптарын түсіндіру, жұмыстың сапасын үнемі қадағалау.
3.Коммуналды шаруашылықты тексеру: апта сайын ғимарат пен аумақтың жағдайын тексеру, Басқарманы жұмыстың уақытында орындалмауы және анықталған кемшіліктер туралы жағдайлар жөнінде ақпараттандыру.
4. Мердігерлер және жеткізіп салушылармен жұмыс: мердігерлер және жеткізіп салушылармен көрсетілетін қызметтер үшін жауап береді, ғимаратты ұстауға арналған құрал-жабдықтарды сатып алады.
5. Тұрғындармен байланыс: Тұрғындарды ПИК-гі жағдайлар, өзгерістер туралы ақпараттандырады, өтініштер, ұсыныстар мен шағымдардың түсуін қадағалайды.
6.Істі жүргізу: толық есепті әзірлейді және тапсырады, ғимаратты ұстау бойынша жұмыс есебі журналдарына бақылау жасайды, алдын алу қызметін жргізу кестесін сақтауды қамтамсыз етеді және жалдамалы жұмысшыларға еңбек ақысын төлеу үшін жұмыс табелін тексереді, басқарма аппаратының жұмысын ұйымдастырады, ай сайын есеп әзірлейді. Басқарманың жұмысына:
- Қаржы
- Әкімшілік жұмыс
- Келісім-шарттар
- Ғимаратты ұстау
- Кадрлар
- Заңды сұрақтар
- Жеке иеленушілерге көрсетілетін қызметтер: өтініштерді орындау
Жалпы жиналыстың қызметі қандай
Ответ: 1. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативiнiң жоғары органы кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысы болып табылады. Кооператив мүшелерi жиналысқа сенiм бiлдiрiлген адамдар арқылы қатысуға немесе жазбаша сауалнамаға атсалысуға құқылы.
Кооператив мүшелерi жалпы жиналысының ерекше құзыретiне:
1) Жарғыға өзгерiстер енгiзу қажеттiгiн белгiлеу, басқа ережелер мен қағидаларды өзгерту және қабылдау;
2) кооператив басқармасының төрағасын, басқарма мен тексеру комиссиясының мүшелерiн сайлау, және босату оларға сыйақылар төлеудi шешу;
3) кооперативтiң жыл сайынғы есебiн бекiту;
4) кiрiстер мен шығыстардың жылдық бюджетi мен жылдық сметасын бекiту, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
5) кооперативтiң резерв және басқа да арнаулы қорларын құру;
6) тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету орнымен кооперативтiң шарт жасасуы туралы мәселенi шешу;
7) заңды тұлғаны қоса алғанда, тұрғын үй басқарушысын шарт бойынша сырттан шақыру;
8) осы жылға арналған сметаның шығыс бөлiгiнiң жиырма бес процентiнен асатын сомаға несие алуға келiсiм беру;
9) үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативін тарату немесе қайта ұйымдастыру жатады.
Кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысы үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативi қызметiнiң кез-келген басқа да мәселелерiн өзiнiң қарауына қабылдай алады.
2. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысы жылына кемiнде бiр рет өткiзiледi. Кезектен тыс жиналыс басқарманың шешiмi бойынша не тексеру комиссиясының талап етуi бойынша не кооператив мүшелерiнiң кемiнде жиырма процентiнiң талап етуi бойынша шақырылады.
3. Алдағы жалпы жиналыс туралы кооператив мүшелерi кемiнде он күн бұрын құлақтандырылуға тиiс.
4. Кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысы не олардың сенiм бiлдiрген адамдарының кемiнде елу процентi қатысқан ретте жиналыс заңды болады. Мұндай кворум болмаған ретте осы Заңның 43-бабының 5-тармағында көзделген салдарлар туады.
5. Жалпы жиналысқа қатысушы кооператив мүшелерiнiң (олардың сенiм бiлдiрген адамдарының) кемiнде жиырма процентiнiң талап етуi бойынша шешiм қабылдау жасырын дауыс беру арқылы жүргiзiледi.
6. Кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысын кооператив басқармасының төрағасы, ал ол жоқта басқарма мүшелерiнiң бiрi жүргiзедi.
|