Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасаудағы қоғамның ролі туралы
2010 жылғы 15 сәуірде ШҚО талдау және болжау институтында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес: сыбайлас жемқорлық жағдайларына қарсы әрекеттегі қоғамның ролі мен маңызы» тақырыбында саяси клубтың отырысы өтті.
Іс-шараға атқарушы билік, саяси партиялар, қоғамдастық пен БАҚ өкілдері қатысты.
Отырыста алғашқы болып сөз алған Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Проскуряков В.А. сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың жаңа талаптары жайлы айтып өтті.
Сонай-ақ, «Жемқорлық құқықбұзушылыққа қарсы тиімді күрес бойынша шараларды белсендіру» туралы «Нұр Отан» ХДП ШҚФ төрағасы Т. Т. Ибраев баяндама жасады.
«ШҚО ішкі саясат басқармасы» ММ бастығы Бақтиярова А.К. сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімді қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге тек мемлекеттік органдардың өкілдері ғана емес, сонымен қатар, барлық тұрғындар да атсалысуы керек екендігін атап өтті. Қатысушылардың алдында жасаған баяндамасында ол Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен дайындалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған бейнероликтерді назарға ұсынды.
Талдау, мониторинг және әлеуметтік технологиялар бөлімінің сарапшысы Веремчук Алексей Валерьевич «Әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша Шығыс Қазақстан өңіріндегі жемқорлық дәрежесі туралы халықтың пікірі» тақырыбында баяндама жасады.
«Зубр» ӘКҚ үйлестірушісі Образцова Ольга қордың жүргізген әлеуметтік зерттеуінің қорытындылары бойынша қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік атмосферасын қалыптастыру туралы айтып өтті.
«Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталығы» ҚҚ директоры Сафонова Н.В. ұйымның жүзеге асырған жобасының қорытындысы бойынша «Мемлекеттік қызметтің ашықтығы сыбайлас жемқорлықа тосқауыл ретінде» тақырыбында баяндама жасады.
Қатысушылар талқылау барысында ұсынымдар қабылдады, олар сәйкес органдарға жіберілетін болады.