Домой Написать письмо Карта сайта
каз рус eng
  
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
Поиск по сайту
 

Ақпарат

Өскемен қалалық мәслихатының үшінші шақырылуының 2006-2010 жылдарға арналған Өскемен қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасы туралы, осы бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сай, «Өскемен қаласының қаржы бөлімі» ММ хабарлайды.

Өскемен қаласының қаржы бөлімінде міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатқызылған келесі құжаттар тізбесі анықталған:

- қаланың қаржы бөлімі өткізетін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алулар бойынша баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат, және олардың қорытындылары туралы;
- қала бюджетінің орындалуы туралы жылдық есептеме (Веб-сайтта).

Өскемен қаласының қаржы бөлімі тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 303-ІІІ «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңына сай бағалық ұсыныстарды сұрату тәсілін пайдаланып өткізеді. 2010 жылдың 1 мамыры жағдайына осы Заңнын бұзылуы қаржы бөлімінде анықталған жоқ.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 153 «Коммуналдық меншікті басқарудың кейбір сұрақтары туралы» және мемлекеттік коммуналдық меншікті басқарудың тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар туралы» 2005 жылғы 7 сәуірдегі № 149 қаулыны жою туралы» қаулысына сәйкес «Өскемен қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қалалық бюджеттен қаржыландырылатын нысандар бойынша мүліктік жалға алу (жалға беру), сенімді басқаруға, өтемсіз пайдалануға беру бойынша барлық қолданыстағы шарттар берілді.

Есепті мерзімде мүліктік жалға берудің 130 келісімшарты қолданыста. Салықтық төлемдерді салыстыру нәтижесінде қалалық коммуналдық меншіктің орынжайларын жалға беруден түскен кірістер 2010 жылдың 1 сәуіріне 5 659 605 теңгені құрады.

Есепті кезеңде қаланың қаржы бөліміне лауазымды тұлғалар тарабынан қиянат жасаушылар немесе бұзушылықтар фактілері бойынша заңды және жеке тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.

Қаржылық бақылау қаржы бөлімінің құзырына кірмейтіндігіне байланысты, келтірілген зиянды өтеу сомасын бюджетке өз уақытында аударылуына талдау жасау мүмкін емес. Қаржы бөлімі ай сайын «Жергілікті бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер» 206 109 кодына Өскемен қаласының бюджетіне түскен келтірілген зиянды өтеу сомасы туралы есептеме жасайды және ШҚО Қаржы басқармасына жібереді. «Жергілікті бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер» 206 109 кодына Өскемен қаласының бюджетіне өтелген зиянның сомасы 2010 жылдың 1 мамырына 703 862,2 теңгені құрайды.

2010 жылдың 1 мамырына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгісіне келетін қаржы бөлімінің мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік шара қолдану фактілері тіркелген жоқ.

Жұмысқа мемлекеттік қызметшілерді қабылдау Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады. 2010 жылдың 1 мамырына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгісіне келетін қаржы бөлімінің мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік шара қолдану фактілері тіркелген жоқ.
Қаланың қаржы бөлімінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүйелі түрде сыбайлас жемқорлық  заңнамалығын оқу бойынша құқықтық жалпылай оқыту жүргізіледі. 2009-2010 оқу жылында мына тақырыптарға сабақтар өткізілді: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  заңнамалықты оқу»,  «Сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жауапкершілік», Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі ұжымда талқыланды.

Бекітілген кестеге сай, «Өскемен» газетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны іске асыру туралы Өскемен қаласы қаржы бөлімі бастығының есептемесі жарияланды.

Өскемен қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 15 ақпандағы қаулысымен бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша шара қабылдау жөнінде басшының дербес жауапкершілігін қарастыратын толықтырулар енгізілді.

Өскемен қаласының қаржы бөлімі ашықтықты және жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу өткізу және олардың қорытындылары туралы WEB-сайтта хабарландыру береді.

 

Өскемен қаласы қаржы
бөлімінің бастығы К. БҰҚАБАЕВА


Домой Написать письмо Карта сайта

070000, Қазақстан, Өскемен Киров көш , 33

Сайт әкімшінің телефоны: 8 (7232) 26-52-58
e-mail: vnpolit@oskemen.kz
Copyright © 2000-2010