Домой Написать письмо Карта сайта
каз рус eng
  
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
Поиск по сайту
 

«ШҚО денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік шығындардың нәтижелілігін бағалау»

2010 жылы 14 шілдеде «ШҚО талдау және болжау институты» ЖШС «Шығыс» баспасөз орталығында жүзеге асырылып отырған «ШҚО денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік шығындардың нәтижелілігін бағалау» жобасының аясында сұхбат алаңы өтті. Аталмыш іс-шараны «Сорос – Қазақстан» қорының «Мемлекеттік қаржының мөлдірлігі» бағдарламасы бойынша «ЭЖБД» ҚҚ ұйымдастырған. Сұхбат алаңының жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстық және қалалық  денсаулық сақтау мекемелерінің бас дәрігерлері, азаматтық қоғам, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты.

Бұл жобаның мақсаты ШҚО тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жақсарту үшін денсаулық сақтаудағы бюджеттік бағдарламалардың мөлдірлігі мен тиімділігін арттыру болып табылады.

Қатысушылардың сөзіне құлақ ассақ, мемлекеттік шығындарды пайдаланудың тиімділігі көбінесе тек дәрігерлерге ғана емес, ең алдымен шұғыл шешім қабылдаудың деңгейіне байланысты болады. Көп жағдайларда бұл басқарудағы дұрыс шешімдер қабылдауда қолды байлайтын заңдардың жетілдірілмегендігінен көрініп жатады.

Бағасы қымбат жаңа медициналық жабдықтың сервистік қызметінің жоқтығы, персоналды оқыту және ҚР аумағынан тыс қызметкерлердің біліктілігін арттыру және т.б. көптеген факторлар ҚР денсаулық сақтау жүйесін халықаралық деңгейде арттыруға және көтеруге тікелей көмектеседі. 

2010 жылдың аяғында қорытындылау жоспарланып отырған бұл жобаның нәтижесі бойынша ұсынымдар әзірленіп, құзыретті органдарға жіберілетін болады.

 

 

Домой Написать письмо Карта сайта

070000, Қазақстан, Өскемен Киров көш , 33

Сайт әкімшінің телефоны: 8 (7232) 26-52-58
e-mail: vnpolit@oskemen.kz
Copyright © 2000-2010