GISMETEO: Погода по г.Усть-Каменогорск

Басқару органдары

"Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімі" ММ

Өскемен қаласының үкіметтік емес ұйымдарының арасында әлеуметтік маңызды жобалардың байқауы
"Өскемен қаласы ішкі саясат бөлімі" ММ-нің виртуалды қабылдау бөлмесі


Бастық Бакинова Бұлбұл Рамазанқызы

Бакинова Бұлбұл Рамазанқызы 1957 жылы 22 қарашада Ұлан ауданының Амангелді ауылында дүниеге келген.
1975 жылы Жамбыл атындағы орта мектепті бітіріп, сол жылы Өскемен қаласының педагогикалық институты, физико-математикалық факультетіне түсті.
Бітіргеннен кейін 1979 жылдан бастап Пушкин атындағы орта мектепте ҰКТ-да тәрбиелеуші, 1980 жылы "Красноалтайский" совхозының комсомол комитетінің хатшысы. 1984 жылы Пушкин атындағы орта мектепке ауыстырылды, 1985 жылы "Знание" қоғамының аудандық ұйымына хатшы болып сайланды.
1987-1989 жылдар аралығында Амангелді атындағы мектепте директор болып жұмыс атқарды. 1989-1990 жылдарда – аудандық білім бөлімінің әдіскері. 1990-1991 жылдары – аудандық партия комитетінің аппараты,  1991-1993 жылдарда – Ұлан ауданының  аудандық атқару комитеті,  1993 жылдан бастап 1996 жылға дейін - Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі. Өскемен қаласына ауыстырылуына байланысты қала әкімінің аппаратына ішкі саясат бөліміне жұмысқа алынды. 1998-2004 жылдары – Облыстық ақпарат басқармасының ақпараттық саясат бөлімінің бастығы. 05.07.2005ж. – "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" Мемлекеттік мекемесінде ақпараттық саясат және мониторинг бөлімінің бастығы. 2007 жылдың желтоқсанында ауыстыру тәртібімен Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат Департаментінің саяси партиялармен және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің бастығы болып тағайындалды.
2008 жылдың желтоқсанынан бастап қазіргі уақытқа дейін Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінің бастығы.
Ішкі саяси үрдістерді Мемлекеттік реттеу, ішкі саясат саласында жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; қаладағы қоғамдық-саяси жағдайға мониторинг жасау, талдау және болжау; саяси партиялармен, діни бірлестіктермен қарым-қатынас жасау, ұсыным жасау және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру, қазақстандық патриотизимді тәрбиелеу және насихаттау; ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын  жүргізу;

Тел. 26-89-34
Электр. адрес: vnpolit@oskemen.kz
Әр сәрсенбі сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін және жұма күні сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін



Ұйым құрылымы:

Бөлім бастығының орынбасары
Омарбаева Арнагүл Қалелбекқызы
Қаладағы ішкі саяси үрдістерді реттеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Қаладағы қоғамдық-саяси, этносаяси, діни жағдайларға мониторинг жасау, талдау және болжау, басшылықты осы салаларда болып жатқан үрдістер туралы өз уақытында ақпараттандыру. Тұрғындармен кері байланыс жүйесін жүзеге асыру, қоғамдық пікірді мақсатқа зерделеу, қаладағы жағдайды тұрақсыздандыруға ықпал ететін оқиғаларды болжау. Қаладағы азаматтық бейбітшілікті және ұлттық келісімді сақтау мен нығайту бойынша саяси партиялардың, діни конфессиялар, ұлттық-мәдени орталықтардың іс-әрекеттерін үйлестіру, "Қазақстан 2030" стратегиялық бағдарламаларының бөлім құзіретіне кіретін бөлімдерін жүзеге асыруға бақылау жасау. Кешенді ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізу. Қала әкімінің нормативтік-құқықтық актілерін, шешімдері мен өкімдерін, қалалық әкімдіктің қаулыларын орындауды бақылайды. 26-58-90
Бас маман – бас бухгалтер Рамазанова Марина Төлеубайқызы Қолданыстағы нұсқауға сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу. Жұмыскерлерге еңбекақыны бөлу және өз уақытында төлеу, еңбекақыны шоты бойынша аналитикалық есепті жүргізу. Негізгі құралдар есебін жүргізу, бюджет құралдарын мақсатты пайдалануға бақылау жасау. Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі есеп пен есеп берушілікті жүргізу. Бюджетке міндетті төлемдердің салықтық есеп берушілігін жасау, статистикалық есеп берушілікті жасау. 26-47-68

Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі секторы

Сектор меңгерушісі 
Ануарбекова Динара Еркінбекқызы
Мемлекеттік ақпарат саясат және бұқаралық ақпарат құралдары мониторингінің мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру; мемлекеттік органдардың ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын медиа-жоспарлау; жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін жариялау бойынша БАҚ-мен мақсатты іс-шараларды ұйымдастырып, өткізу; журналистердің кәсіптік ұйымдарымен қарым-қатынасты қамтамасыз ету. 26-72-78
Бас маман Қалқанбаева
Бұлбұл Маутбекқызы
Электронды БАҚ-мен өзара қарым-қатынас жасау. Электронды БАҚ туралы мәліметтер банкін құру, оның өз уақытында толықтырылуы, қажетті ақпараттың тұтынушыларға жедел берілуі. Электронды БАҚ-ң қызметіне олармен заңнаманың қадағалануы үшін есепке алу және мониторинг жүргізу, лицензиялық талаптардың орындалуы. "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" ҚР Заңының 18 бабының орындалуына тұрақты бақылауды жүзеге асыру. Электронды БАҚ-да ақпараттық саясатты жүргізуге мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруға бақылау жасау. 26-72-78
Бас маман Картенова Бибигуль Максұтқанқызы Қаладағы баспа БАҚ-мен өзара қарым-қатынас жасау. Баспа БАҚ, соның ішінде жарнама және полиграфиялық басылымдар туралы мәліметтер банкін құру жұмысы. Баспа БАҚ-ң қызметіне олармен заңнаманың қадағалануы үшін есепке алу және мониторинг жүргізу, лицензиялық талаптардың орындалуы, "Жарнама туралы" ҚР заңының орындалуына тұрақты бақылау жасауды жүзеге асыру. Баспа БАҚ-да ақпараттық саясатты жүргізуге мемлекеттік тапсырысты іске асыруға, жазылым науқанын жүргізуге бақылауды жүзеге асыру. БАҚ-мен өзара қарым-қатынас мәселелері жөніндегі үндеулерді қарау. Сайт әкімгері. Мемлекеттік басқару органдарының, қалалық маслихаттың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және қала тұрғындарының ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысын жүзеге асырады, Өскемен қаласының ресми Web–сайтына әкімшілік етеді, жаңа модульдерді әзірлейді, ақпараттық материалдарды жинайды және әзірлейді, техникалық атқарушыға дайын құжаттарды береді. Қаланың ресми Web–сайтына келіп түскен электронды пошталық хабарларға әкімгерлік етеді, оларды әкім аппаратының құрылымдық бөлімшелеріне және қалалық бөлімдерге бөледі, өз уақытында жауап берілуін және өтініш берушіге жіберілуін ұйымдастырады. Қала сайтының қызметіне жүйелі талдау жүргізеді, оның жақсаруы бойынша ұсыныстар әзірдейді. 26-52-58

Қоғамдық-саяси жағдайды талдау және мониторинг, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-әрекет секторы

  Сектор меңгерушісі Сохина Анна Викторовна Анализ общественно-политической ситуации в городе, разработка превентивных мер в отношении процессов, способных дестабилизировать обстановку в городе. Взаимосвязь с общественно-политическими объединениями, партиями и движениями, координация их деятельности с целью сохранения и упрочения гражданского мира и общественного согласия в городе. Контроль за реализацией Законов Республики Казахстан «О политических партиях», «О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в РК». Анализ общественно-политической ситуации в городе. Контроль за качественным исполнением служебной документации, а также составления установленной отчетности. Создание банка данных о партиях, движениях. Выявление очагов социальной напряженности и выработка рекомендации по нейтрализации этих процессов. Координирование работы по регулярному проведению круглых столов, заседаний общественных формирований. Осуществление контроля за реализацией стратегической программы « Казахстан-2030» в части, относящейся к внутриполитической стабильности и консолидации общества. Взаимосвязь с руководителями предприятий, учреждений, организаций по привлечению к пропагандистской, массово-политической работы в период подготовки и проведения общегосударственных праздников, акции и компании. Организация работы информационно-пропагандистских групп при Акиме города. Обеспечение организационной и информационной связи с Департаментом внутренней политики Восточно-Казахстанской области, городскими отделами по пропагандистской работе. Рассмотрение письменных и устных обращений граждан по общим вопросам. Обеспечение организационной и информационной связи с Департаментом внутренней политики Восточно-Казахстанской области, Малой Ассамблеей народов Восточного Казахстана, городскими отделами по вопросам общественно-политической ситуации в городе. 26-51-19
  Бас маман Қаланың үкіметтік емес ұйымдарымен өзара қарым-қатынас жасау, түрлі мәселелер бойынша ҮЕҰ бірлескен іс-шараларды, оның ішінде семинарларды,конференцияларды дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру , сондай-ақ , қала және облыстағы үкіметтік емес ұйымдармен өткізілген іс-шараларға қатысу. ҮЕҰ, срның ішінде жастар бірлестіктері туралы банкті құру, оның уақтылы толықтырылуы, үкіметтік емес ұйымдардың қызметін есепке алу және талдау жасау. Жастарарасында болып жатқан үрдістерге талдау жасау, жастар мен балалар ұйымдарының қызметіне, жастардың әлеуметтік маңызы бар бастамаларына басшылық ету және көмек көрсету; "Өскемен қаласындағы жастар және жастар саясаты" бағдарламасының жүзеге асыруға бақылау жасау, жастар ісі жөніндегі Үйлестіруші кеңестің тоқсан сайын өтетін отырыстарына дайындық. 26-58-90
Жетекші маман
Токтобоянова Әйгерім Муратқызы
Түрлі мәселелер бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізу. Облыста және республикада өткізілетін әлеуметтік зерттеулерге қатысу. Қалалықтардың хал-жайы мен саяси бағдарлауына талдау жасау. Әлеуметтік қауырттылық ошағын табу және оларды бейтараптандыру бойынша ұсыныстарды өңдеу. Сайлау науқаны кезінде саяси зерттеулерді ұымдастыру, өткізу. 26-58-90