|
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік құрылымы туралы» Заңы, 2030-ға дейінгі Қазақстаннның даму стратегиясы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік ономастикалық жұмысының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы, «2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тілдің дамуы мен қолдану туралы» Мемлекеттік бағдарлама, «2007-2008 жылдарға арналған мемлекеттік тілдің дамуы мен қолдану туралы» ШҚО Өңірлік бағдарламасы және басқалар.
«Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
| № р/н |
Лауазымы |
Аты, тегі, әкесінің аты |
Орындайтын қызметі |
Қабылдау сағаты, телефон |
|
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы |
Айдын Жомартұлы Шаймарданов |
Бөлімді жалпы басқару және оның жұмысын жоспарлау. Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамаларының сақталуына бақылау қызметін жүзеге асырады. Мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы болашақ бағыттарды анықтау. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республика-сының Заңдарының, Үкіметтің, облыс және қала әкімдері мен әкімдіктерінің нормотивтік-құқықтық актілерінің орындалуына бақылау жасайды. Өскемен қаласының әкімі аппаратымен, мәслихатпен, жоғарғы құрылымдық ұйымдармен өзара қарым-қатынас жасайды. Келіп түскен хат-хабарлар мен азаматтардың үндеулерін уақытында қарауды қамтамасыз етеді.
Көшбасшылық, ұйымдастырушылық қабілеттері-нің болуы. Қарым-қатынас, жеделділік, жауапкершілік. Жұмылдыруды білу. |
бейсенбі
14.00-ден кейін тел. 24-07-11 |
|
Бөлім бастығының орынбасары |
Алханова Раушан Әпсеитовна |
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының орындалуына тілкелей жауапты. Қалалық мәдени ұйымдарының: кітапханалар, клубтар, театр, мұражайлар, мәдениет сарайларының қызметтерін үйлестіреді. Мәдениет және өнер мекемелерінде еңбек қорғау, өртке қауіпсіздігі, төтенше жағдайларды болдырмау сұрақтарын бақылайды. Облыстық және қалалық шараларды әзірлеуге қатысады. Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істейді. Мәдениет және өнер мекемелерінің мұрағаттық материалдарының сақталуына бақылау жасайды. Қалалық әкімдік мәжілісіне, қала әкімі жанындағы аппараттық кеңестерге, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміндегі аппараттық кеңестерге сұрақтардың уақтылы және сапалы әзірленуіне бақылау жасайды. Жұмыстың алға қойған және ағымдағы жоспарларын құруды жүзеге асырады және жауап береді, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жұмыс жоспарын орындау барысына бақылау жасайды. Жоғарғы органдардың бұйрықтарын, қаулыларын, шешімдерін орындауға бақылау жасауды қамтамасыз етеді. Мәдениет және өнер мекемелерінің дамыту бағдарламасының орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Жоғарғы органдардың құжаттарын әзірлеуді ұйымдастырады, ал мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі болмаған кезде оның міндетін атқарады, оның міндеттеме шеңберіне қатысты бұйрықтар шығарады. |
Жұма 14.00-ден кейін тел. 26-84-87 |
|
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің кадрлық және іс жүргізу бойынша бас маман |
Уалиева Мария Ошановна |
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, клубтық мекемелердің жеке құрамының есебін және кадр бойынша белгіленген құжаттамаларды, жеке іс қағаздардың мұрағатын жүргізеді, жұмысқа қабылдауды, ауыстыруды және босатуды ресімдейді, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес кадр жұмысы туралы талдау және есеп жүргізеді, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мекемелерге кадр сұрақтары бойынша әдістемелік көмек көрсетеді. Азаматтардың хаттарымен, шағымдарымен, өтініштері-мен жұмыс жүргізеді. Қала әкімінің қабылдауларын дайындау мен өткізуге қатысады. |
тел. 24-59-12 |
|
Мәдениет секторының меңгерушісі |
Қасымжанова Риза Тоқтарханқызы |
Мәдениет секторына басшылық етеді. Сектордың жұмысын жоспарлайды. Қалалық мәдени-бұқаралық шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді. Ведомствоға бағынышты мәдениет мекемелерінің басшыларымен және бөлім қызметшілерімен жедел кеңес өткізеді. Ведомствоға бағынышты мәдениет мекемелерінің және шығармашылық одақтардың жұмыстарын үйлестіреді. Өзінің қызмет бағыты бойынша жоғарғы органдарға құжаттар әзірлеу. Мәдени-бұқаралық шаралар өткізу кезінде сценарийлер жасауға, сценарлық жоспар құруға әдістемелік көмек көрсетеді. Шығармашылық ұжымдардың, мәдениет және өнер қызметкерлерін аттестациялауға қатысады |
тел. 57-79-86 |
|
Мәдениет секторының бас маманы |
Бұзақанова Гүлжан Айтчанқызы |
Клубтар, бос уақыт орындары, жанкүйер бірлестіктерінің қызметтерін жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, ұлттық мәдени орталықтарымен өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады, көркемөнер ұжымдарының басшыларына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді, оларды қалалық мәдени-бұқаралық шаралар әзірлеуге және өткізуге жұмылдырады, көркемөнер фестивальдерін, сайыстарын, байқауларын, шығармашылық кештерді әзірлеуді және өткізуді ұйымдастырады, өз қадағалауындағы сұрақтар бойынша аналитикалық ақпарат әзірлейді және ұсынады. |
тел. 57-79-86 |
|
Мәдениет секторының бас маманы |
Жампеисова Гульнара Ойкеновна |
Қалалық кітапханалардың, шығармашылық ұйымдардың және ұйымдардың қызметтерін үйлестіруді, талдауды және бақылауды жүзеге асырады. Мәдениет және өнер саласындағы кешендік, мақсатты бағдарламалар әзірлеуге және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жұмысын жоспарлауға қатысады. Өткізілетін іс-шараларға қатысу үшін және бағыттау мәселелері бойынша тәжірибелік көмек көрсету үшін қаладағы мәдениет мекемелеріне баруды жүзеге асырады.
Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мәселесімен айналысады. Қаланың мәдени-бұқаралық шараларын әзірлеуге және өткізуге қатысады. |
|
|
Тілдерді дамыту секторының меңгерушісі |
бос орын |
Секторды басқаруды жүзеге асырады, сектордың жұмысын жоспарлайды және үйлестіреді. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының орындалуына дербес жауап береді. «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңды, 2001-2010 жылдарға арналған тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру сұрақтары бойынша аналитикалық материалдарды бақылайды және дайындығын қамтамасыз етеді. Тілдік қатынас саласындағы мемлекеттік саясат сұрақтары бойынша әлеуметтік зерттеу ұйымдастырады. Қаладағы мемлекеттік және басқа да тілдердің дамуын қамтамасыз етеді, қаладағы этносаяси жағдайға талдау жүргізеді, осы саладағы мәселелерді дер кезінде шешу шараларын қолданады. Тілдерді дамыту бойынша қалалық бағдарламалар әзірлеуге қатысады. Қалалық ономастикалық және көрнекі ақпарат сапасына бақылау жасау жөніндегі комиссияларының қызметін қамтамасыз етеді. Өскемен қаласының қалалық мәслихатының, ішкі саясат бөлімінің, сәулет және қала құрылысы бөлімінің тіл саясаты сұрақтарында бірлесіп әрекет жасауын іске асырады. |
тел. 57-79-98 |
|
Тілдерді дамыту секторының бас маманы |
Мусинова Гүлжайна Ахметқызы |
Сектор жұмысы туралы ақпараттық-аналитикалық материалдардың, Өскемен қаласындағы тілдер заңнамасының жүзеге асырылуы туралы есептердің дайындалуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік басқарудың қалалық органдарындағы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының, Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларының жүзеге асырылуы бойынша аналитикалық ақпараттарды дайындауды қамтамасыз етеді. Тіл мәселелері бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі қаулыларының орындалу барысы туралы тоқсандық ақпарат әзірлейді. Көрнекі ақпарат нобайларына келісім берілгенде, мәтіндердің «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңға сәйкестігін тексереді. Тіл саясаты мәселелері жөніндегі конкурстарды, семинарларды, дөңгелек үстелдерді ұйымдастырады. Тілдерді қолдану мен дамытудың Өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жүзеге асырылуына жауап береді. |
тел. 57-79-98 |
|
Тілдерді дамыту секторының бас маманы |
Асқарбекова меруерт Бекенқызы |
Сектор жұмысы туралы ақпараттық-аналитикалық материалдардың, Өскемен қаласындағы тілдер заңнамасының жүзеге асырылуы туралы есептердің дайындалуын қамтамасыз етеді. Көрнекілік ақпарат сапасының бақылау бойынша комиссия жұмысына қатысады. Қалалық ономастикалық және көрнекі ақпарат сапасына бақылау жасау жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысады. Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заңдылықтарын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық-мәдени орталықпен және басқа қоғамдық бірлестіктермен, шығармашылық одақтармен өзара қарым қатынаста. Туған тілін зерделейтін ұлттық-мәдени орталықтардың және мемлекеттік тілді зерделейтн үйірмелердің аудармашылары мен оқытушыларына әдістемелік көмек көрсетеді. Тілдік саясат мәселесі бойынша байқаулар, семинарлар және дөңгелек үстелдер өткізуге қатысады. Қалада тілдік жағдайдың мониторингін өткізеді. Тіл саласында мемлекеттік саясат мәселесі бойынша әлеуметтік зерттеулер өткізіледі. Тілдік проблемалар бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысын орындау барысы туралы тоқсандық ақпаратты әзірлейді. |
тел. 57-79-98 |
|