ЕҢБЕК НАРЫҒЫ: сандар және деректер
2007 жылдың бірінші тоқсанында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 2735 адам өтініш жасады.
Өтініш жасағандардың 1698 адамы немесе 62,1 % әйелдер, 804 немесе 29,4 % 24 жасқа дейінгі жастар құрайды.
Жұмыспен қамту қызметінің қатысуымен еңбек делдалдығына өтініш жасағандар санынан 2335 адам немесе 85,4 % жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамтылғандардың ішінде әйелдер – 60 %, жастар – 28,3 %, 50 жастан асқандар – 22 % құрайды.
Жұмыссыздар санынан 853 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға қатыс-ты.
Жұмыссыздар санынан 364 адам кәсіптік оқытуға және қайта оқытуға жіберілді. Жұмыссыздар қаланың еңбек нарығында талап етілген 11 маман-дық бойынша оқытылады. Оқуды аяқтағандар 202, соның ішінде 194 немесе 96 % жұмысқа орналастырылды.
2007 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халықтың экономикалық белсенді санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,2 % құрады.
2007 жылғы 1 шілдедегі жұмыссыздар саны – 1957. Жұмыссыздар ара-сындағы әйелдер үлесі 85 %.
Қаланың ұйымдарымен жұмыспен қамту қызметіне жарияланған бос жұмыс орындар саны 3294 құрады.
Есеп беру кезеңінде 3098 жаңа жұмыс орыны құрылды, соның ішінде өндірісте – 284, орта және шағын бизнес саласында – 2808, уақытша – 6.
Ақылы қоғамдық жұмыстар.
Ақылы қоғамдық жұмыстар халықтың аз қорғалған топтарын әлеумет-тік қорғаудың бір түрі.
2007 жылдың есеп беру кезеңінде ақылы қоғамдық жұмыстарға жұ-мыссыздар санынан 853 адам қатысты, соның ішінде әйелде – 731 адам, 24 жасқа дейінгі жастар – 286.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 81 кәсіп-орынмен ақылы қоғамдық жұмыстарға 157 келісім шарт жасасты.
Қоғамдық жұмыстар Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК филиалдарында, орта мектептерде, денсаулық сақтау мекемелерінде, Әділет, ішкі істер департаментінде ұйымдастырылды.
Қоғамдық жұмыстар түрлерінің тізімі біршама кеңейді, ол жұмыстарға үлкен әлеуметтік мән береді. 26,3 % жұмыссыз қатысатын, қаланы көркейту және санитарлық тазалаумен қатар жұмыссыздар мүлікті жария етуге бел-сенді қатысты. Жұмыстың бұл түрлеріне 185 адам қатысты. Сонымен қатар жұмыссыздар Меновное ауылдық округінің, Согра және Аблакетка кенттері-нің ірі-қара малдарын қайта тіркеуге қатысты. Бірлесіп қаржыландыру шартымен пәтер иелерінің кооперативімен көп қабатты тұрғын үйлердің кіреберістерін күзету бойынша қоғамдық жұмыстарды атқаруға 11 шарт жасалды, 31 адам жұмыс істейді. «Бағбаншылар бірлестігі» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп қаржыландыру шартында саяжайлық учаскелерді күзету ұйымдастырылды.
Бірлесіп қаржыландару шартында 19 кәсіпорынмен шарт жасалды.
Жұмыссыздарды кәсіптік дайындау және қайта даярлау.
Жұмыссыз азаматтарды оқыту қаланың еңбек нарығындағы қандай да бір мамандыққа сұраныстарды ескере отырып жүргізіледі.
Есеп беру кезеңінде оқытуға 364 адам жіберілді. Оқыту қаланың еңбек нарығында талап етілген 11 мамандық бойынша жүргізіледі. Оқытуға жібе-рілген жұмыссыздар санынан 202 оқуды аяқтады, соның ішінде жұмысқа ор-наласқаны 194.
Облыста шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау өңірлік бағдарла-масын жүзеге асыру мақсатында жұмыссыздарды бухгалтер-кәсіпкер ма-мандығы бойынша оқыту ұйымдастырылған, 25 адам оқытылады.
«ШҚО кәсіби құрылысшылар Ассосациясы» ЗТБ тапсырысы бойынша келесі мамандықтарға жұмысшы кадрлар дайындау жүргізілуде: газэлектр-пісіруші, сылақшы-әрлеуші-плиташы, бухгалтер-сметашы. Тапсырысқа сәй-кес 80 жұмыссызбен 4 жақты шарттар жасалды, олар Ассоциация кәсіп-орындарына жұмысқа орналастырылады. «РОСТ» ЖШС тапсырысы бойын-ша бірлесіп қаржыландару шартында Д санатты 7 жүргізуші біліктілігін кө-терді және жұмысқа орналастырылды.
«ШҚО кәсіби құрылысшылар Ассосациясы» ЗТБ және «Директорлар кеңесі» ШҚО аймақтық одағы бірлесіп әлеуметтік серіктестік шеңберінде 2007 жылдың ақпан-наурыз айларында еңбекке баулу Мектебі базасында қа-ланың орта мектеп түлектерімен кәсіптік бағдар беру жұмыстары апталығын өткізді. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарымен 2271 адам қамтылды. Оқушы-лармен кездесуге қатысты: «АЗИЯ АВТО» АҚ, «Титан» ҒӨФ, «ЛИК» ҒӨФ ЖШС, «Автотехцентр» ЖШС. Жұмыс берушілердің өкілдері өздерінің кәсіп-орындары туралы бейнероликтер көрсетті, көркем буклеттер дайындады.
Жастар іс-тәжірибесі.
Есеп беру кезеңінде Жастар іс-тәжірибесіне 53 адам жіберілді, Жастар іс-тәжірибесін ұйымдастыруға 14 кәсіпорынмен шарт жасалды. Жұмыссыз-дар Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқар-масында, «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік меке-месінде, Шығыс Қазақстан облысының соттар әкімгерінде, қалалық көші-қон полиция бөлімінде, қалалық әділет басқармасында, қалалық санақ бөлімінде және басқа жерлерде Жастар іс-тәжірибесінен өтуде. Іс-тәжірибеден өткен-нен кейін 28 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Әлеуметтік жұмыс орындар.
2007 жылдың есеп беру кезеңінде әлеуметтік жұмыс орындарына 78 жұмыссыз жіберілді, соның ішінде 24 жасқа дейінгі жастар 34 адам, әйелдер – 21, 50 жастан асқан тұлғалар – 29 адам. Шарттар қаланың 12 кә-сіпорнымен жасалды. Жұмыстың орташа ұзақтығы 2,5 айды құрайды, 1 адам-ға қалалық бюджет қаржысынан төленетін орташа еңбекақы 4274 теңгені құ-райды. |