Келiсiм
2008-2010 жылдар кезеңіне арналған Өскемен қаласы әкімі, кәсіподақтардың қалалық үйлестіру Кеңесі және Шығыс Қазақстан облысының шағын және орта бизнес жұмыскерлерінің кәсіподағы және қаланың жұмыс берушілер бірлестіктері арасындағы әлеуметтік серіктестік бойынша.
Осы Келісім Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, Қазақстан Республикасының «Кәсіподақтар туралы» Заңының негізінде және «Қазақ-стан 2030» даму стратегиясын, 2007-2024 жылдары Қазақстан Республикасы-ның тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасын, Елбасының жыл сайынғы Қа-зақстан халықына Жолдауларын жүзеге асыруға негізделген іс-шараларды орындау мақсатында бекітілді.
Әлеуметтік серіктестік бойынша Келісімнің әлеуметтік серіктестік бо-йынша тараптары: Өскемен қаласының әкімі тұлғасында Өскемен қаласының әкімдігі (бұдан әрі – әкімдік), «Кәсіподақтардың қалалық үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестіктер одағы, «Орта және шағын бизнес қызметкерлерінің Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – кәсіподақтар), жұмыс берушілер бірлестіктері: «Атамекен» Одағы» Қазақ-стан ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысындағы филиалы, «Өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағы» Шығыс Қазақстан қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігі, «Шығыс Қазақ-станның кәсіпқой құрлысшыларының Ассоциациясы» заңды тұлғалар бір-лестігі (бұдан әрі – жұмыс берушілер) болып табылады .
Осы Келісімге қол қоюшы тараптар өз құзіреті көлемінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің, кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің 2007-2008 жылдарға арналған Бас келісімінде белгіленген міндеттерді қабылдайды.
Осы Келісім әлеуметтік, еңбек және осыған байланысты экономикалық қарым-қатынастарды реттеу механизмін құру, халықтың жақсы өмір сүруі үшін жағдай жасау жолымен халықтың өмір сүру сапасын үнемі арттыру, еңбекшілерді әлеуметтік және құқықтық қорғау, әлеуметтік-еңбек қатынас-тар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу мақсатында жасалды. Бұл жағдайда Келісім тараптардың қала аума-ғында орналасқан салаларда және ұйымдарда келіссөздер жүргізуі үшін негіз ретінде қаралады.
Келісімге енгізілген кепілдер мен міндеттемелер ең төменгі көрсеткіш болып табылады және еңбекшілердің әлеуметтік және экономикалық қор-ғалуының төмендеу жағына өзгертілмейді.
Келісім тараптары өзара қарым-қатынастарды дамытуға қол жеткізуді әлеуметтік серіктестік қағидалары, әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу негізінде осы Келісімде белгіленген міндеттерді және шарттарды сақтауға ниеттенеді.
1. Экономикалық саясат саласында
Тараптардың өздеріне алатын міндеттері:
1.1. Қала экономикасының тұрақты дамуына оның бәсекелестікке қа-білеттілігін арттыруға, жалпы ішкі өнім жиынтығының тұрақты және дина-микалық даму қарқынын қамтамасыз етуге жағдай жасауға. Жыл сайын құнсыздану деңгейін төмендетуге қол жеткізу (әкімдік, кәсіподақтар, жұмыс бе-рушілер).
1.2. Қаланың өңірлік және дүниежүзілік экономикадағы орынының тиімді стратегиясын әзірлеуге және жүзеге асыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру, бірінші кезекте, алдыңғы қатарлы технология негізінде экономиканың шикізат емес секторының өндірістік күштерін технологиялық модернизациялауға, орта және жоғарғы технологиялық тауарларды жеткізуге және кең көлемді деңгейде қызмет көрсетуге ( әкімдік, кәсіподақтар, жұмыс берушілер).
1.3. Жүзеге асыруға қатысу:
– 2015 жылға дейінгі Өскемен қаласының даму стратегиясын;
– 2004-2010 жылдарға Өскемен қаласының агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты даму бағдарламасын;
– 2006-2008 жылдарға Өскемен қаласының шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламаларын;
1.4. Табиғи монополия өнімдеріне қойылатын бағалар мен тарифтерін реттеу қағидаттарына қажетті көңіл бөлу, олардың құрылу негіздеріне бақылау жүргізуді жетілдіру (кәсіподақтар, жұмыс берушілер).
1.5. Еңбек ұжымдарын өндірісті тұрақтандыру, қаржылық оң нәтиже-лерге қол жеткізу, жаңа технологияларды енгізу бойынша шараларды қолдау-ға жұмылдыру ( жұмыс берушілер, кәсіподақтар).
1.6. Бизнестің индустриялды даму аймақтарымен бірлескен жұмыстар аясында осы заманға сай құрал-жабдықтармен, жаңа технологияларды ен-гізуді қарастыру өте тиімді және тез құнын қайтаратын инвесторлық жобаға ынталандыру (әкімдік, жұмыс берушілер).
1.7. Табиғатты қорғау талаптарын мүлтіксіз орындауға, табиғати орта жағдайының сақталуын және жақсартылуына қатысу, өкілетті органдарға өз кәсіпорындары қызметінің қоршаған табиғи ортаға әсері туралы ақпарат беру ( жұмыс берушілер).
2. Еңбек рыногын дамыту және жұмыспен қамту, кадрларды кәсіптік дайындауды жақсарту саласында
Тараптардың өздеріне алатын міндеттері:
2.1. Тіркелетін жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша жұмысты жалғастыру ( әкімдік).
2.2. Тоқсан сайын бұқаралық ақпарат құралдарында және қала әкімінің сайтында еңбек рыногы және жұмысссыздық жағдайы туралы мәліметтерді жариялау. Жұмыс берушілерді және қала тұрғындарын жұмысқа орналасу және кәсіптік оқыту мүмкіндіктері туралы үнемі хабардар ету ( әкімдік).
2.3. Жұмыс істеушілерді жаппай қысқарту қауіпі туындаған жағдайда (жұмыс істеушілердің 10%-нан артық) кәсіподақтарды, қалалық жұмыспен қамту бөлімін 2-ай бұрын хабардар ету, босатылған жұмысшыларға еңбек шартын бұзу мерзіміне дейін жаңа мамандықтарға қайта оқу мүмкіндіктерін беру (жұмыс берушілер).
2.4. Көптеген мамандықтарға дайындау өңірлік бағдарламаны дамытуға қатысу. Жұмыссыздардың еңбек рыногындағы бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру және оларды одан әрі жұмысқа орналастыру мақсатында оқыту ақы-сын төлеуде бірлесіп қаржыландыруға қатысу жолымен білім беру бағдарла-малары бойынша кәсіпкерлік іске оқыту, бос халықты және жұмыссыздарды кәсіптік дайындау қайта даярлау және біліктілігін көтеруді дамытуға көмек-тесу (әкімдік, кәсіподақтар, жұмыс берушілер).
2.5. Кадрларды дайындау жүйесін қала экономикасының сұраныс-тарына сәйкестендіру мақсатында жұмыс күшіне сұраныс мониторингін жү-зеге асыру. Еңбек рыногындағы кадрлардың бар болуын ескере отырып ақпа-раттық мәліметтер банкін құру үшін Жұмыс беруші-кәсіпорындар қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне босатылған жұ-мыс орындар (бос лауазымдар) туралы мәліметтерді ұсынып отыру (әкімші-лік, жұмыс берушілер).
2.6. Қожалық етуші субьектілердің кәсіби кадрлар дайындауға және істелінген уақыт түріндегі шығындардың орынын толтыруға кепілдік беруге өз қаржыларын салуларын ынталандыру бойынша шаралар әзірлеу (жұмыс берушілер).
2.7. Жастар іс-тәжирибесін ұйымдастыру арқылы жастар арасында кә-сіпкерлікті дамытуға ықпал ету, кәсіпкерлікке бағытталған мамандықтарға оқыту (әкімдік).
2.8. Студенттердің, сонымен қоса оқу орындары түлектерінің қала кә-сіпорындары және мекемелерінде өндірістік іс-тәжірибиеден өтуін іске асыру (жұмыс берушілер, кәсіподақтар).
2.9. Жұмыс беруші-кәсіпорындар әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға бағытталған, мақсатты топтардан жұмыссыздарды жұмыс орындарына бекітуді қамтамасыз ету, олардың кәсіпорындарда бол-ған уақытта жоғары біліктілік алуына мүмкіндік жасау (жұмыс берушілер).
2.10. Жұмысшыны, кәсіподақ мүшесін жұмыстан босату Қазақстан Рес-публикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылсын (жұмыс беруші-лер, кәсіподақтар).
2.11. Кәсіпорын жұмысшыларына жұмыспен қамту, жұмысқа орналас-тыру, еңбекақы төлеу мәселелері бойынша кеңес беруді және қорғауды қам-тамасыз ету. Олардың мүдделерін келісім комиссияларында және соттарда қорғау (жұмыс берушілер, кәсіподақтар).
2.12. Жасөспірімдерді еңбекке бейімдеу мақсатында демалыс кезеңінде және оқудан тыс уақытында 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді уақытша жұмысқа орналастыруды ұйымдастырғандағы шараларды күшейту бойынша топтасуды қамтамасыз ету (әкімдік, жұмыс берушілер).
3. Еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласында
Тараптардың өздеріне алатын міндеттері:
3.1. Алғашқы кәсіподақ ұйымдарын құру бойынша жұмысты жалғас-тыру, ұжымдық шарттар жасасуды қамтамасыз ету (кәсіподақтар).
3.2. Ұжымдық шарттарға қауіпті және зиянды еңбек жағдайларында еңбек ететін жұмыскерлерге жеңілдіктер мен кепілдіктерді енгізу (жұмыс берушілер, кәсіподақ).
3.3. Мемлекеттік бақылау органдарымен, кәсіподақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе отырып өндіріс мәдениетін және еңбек қауіп-сіздігін арттыруға бағытталған жергілікті мақсатты үгіт-насихат ком-паниясын өткізу (жұмыс берушілер).
3.4. Жұмыскерлердің санитарлық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізу, жұмыскерлердің өндіріспен байланысты жалпы және кәсіптік ауруларының алдын-алу бойынша емдеу-сауықтыру шара-ларын өткізу (жұмыс берушілер, кәсіподақтар).
3.5 Жыл сайын жергілікті билік органдары өкілдерінің, жұмыс беруші-лердің және кіәсіподақтардың қатысуымен еңбек жағдайларын, облыс кәсіп-орындары және ұйымдарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау жағдайын қарастыру, өндірістік жарақат, кәсіптік ауру себептерін талдау және осы мә-селелер бойынша жағдайдың жақсартылуы үшін сәйкес шаралар қолдану (әкімдік, кәсіподақтар, жұмыс берушілер).
3.6. Жұмыс беруші өз қаржысы есебінен зиян, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың ықпалына душар болған жұмысшыларды денсау-лық сақтау органдары бекіткен тәртіпте міндетті мерзімдік медициналық тек-серуден өткізеді. Қалалық бюджет қаржысы есебінен бюджет саласының жұ-мыскерлерге тегін медициналық тексеруден өткізу үшін қаржы қарастыру (әкімдік, жұмыс берушілер).
3.7. Кәсіпорын және ұйымдарда барлық жұмыскерлерге қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша міндетті түрдегі оқытуды және қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша білімдеріне тексеру жүргізу. Кәсіпорынның еңбекті қорғау бойынша комиссия мүшелерін, еңбекті қорғау бойынша қоғамдық инспекторларды кәсіпорын есебінен оқыту (жұмыс бе-рушілер, кәсіподақтар).
4. Әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету саласында
Тараптардың өздеріне алатын міндеттері:
4.1. Өскемен қаласының әлеуметтік - экономикалық даму индикативтік жоспарына сәйкес аз қамтылған азаматтардың санын төмендетуге қол жет-кізу (әкімдік).
4.2. Қала аумағында орналасқан қожалық етуші субъектілерге интернат үйлеріне, балалар үйіне, қарттар және мүгедектер үйлеріне қамқорлық көмек көрсетуге қатысу (жұмыс берушілер).
4.3. «Семей ядорлық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салда-рынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңның осы заңда белгіленген радиактивтік ластануға тап болған аумақтарда тұратын-дарға және жұмыс істеушілерге қосымша ақылы демалыс беру және еңбек-теріне қосымша ақы төлеу саласында орындалуын қамтамасыз ету (жұмыс берушілер).
4.4. Ұжымдық шарттарда қызметшілерді және олардың отбасы мүше-лерін сауықтыру және санаторлық-курорттық емдеуге жолдамалардың ақы-сын төлеу үшін кәсіпорын қаржысын жинақтау бойынша іс-шаралар қарас-тыру (жұмыс берушілер, кәсіподақтар).
4.5. Өткізілетін шараларға толық қатысу үшін тараптар өкілдерін тар-ту, оларды ұжым, кеңес, актив, семинар, жиналыс құрамына енгізу (тарап-тар).
4.6. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер етудің алдын-алуға ықпал ету, қор-шаған ортаның жағдайына жауапкершілікті арттыруға бағытталған шаралар қолдану (жұмыс берушілер).
4.7. Клуб мекемелеріне, спорт ғимараттарына, кітапханаларға, балалар-ды сауықтыру лагерлеріне ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету (кәсіп-одақтар, жұмыс берушілер).
4.8. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының қаланың еңбек рыно-гында талап етілген көптеген жұмысшы мамандықтарды игеруі бойынша кә-сіптік бағдар беру жұмыстарының белсенділігін арттыру, кәсіптік мектептер мен лицейлерді қаржыландыру көлемінің және мемлекеттік тапсырыс мөл-шерінің артуына қол жеткізу ( әкімдік).
4.9. Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жас балалары бар әйел-дер үшін жұмыс берушілермен келісу арқылы жұмыстың икемді кестесін қа-растыру (әкімдік, жұмыс берушілер).
4.10. Мәдениетті, спортты, туризмді дамыту, балалар мен отбасы дема-лысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету саласында келісілген саясат жүргізу және бюджеттен демалыс уақытында балаларды сауықтыру және демалу үшін қаржы қарастыру (әкімдік, кәсіподақтар, жұмыс берушілер).
5. Қала кәсіпорындарында, ұйымдарында және мекемелерінде кәсіподақ ұйымдарының қызметіне кепілдіктер
Тараптардың өздеріне алатын міндеттері:
5.1. Кәсіподақ құқықтары мен кепілдіктерін сақтау, меншік түріне қа-рамастан ұйымдарда кәсіподақ органдарының құрылуына және қызмет етуіне бөгет жасамау (әкімдік, жұмыс берушілер).
5.2. Кәсіподақ органдарын үй-жаймен, жиһазбен, ұйымдастыру техника-сымен, байланыс құралдарымен, көлікпен қамтамасыз ету (жұмыс беруші-лер).
5.3. Ұжымдық келісімшарт негізінде жұмыстан босатылған кәсіподақ қызметкерлеріне кәсіпорындарда қолданылатын жеңілдіктерді сақтау (жұ-мыс берушілер).
5.4. Барлық деңгейдегі жұмысшылар өкілдеріне ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шарттарды әзірлеу және жасасу бойынша жұмыстарында көмек көрсету (кәсіподақтар).
6. Келісім қызметі және оның орындалу барысына бақылауды қамтамасыз ету
6.1. Келісім Өскемен қаласында іс-әрекет ететін барлық мүдделі жұмыс берушілерге, кәсіподақтар бірлестіктері мен жеке ұйымдарға қосылу үшін ашық.
6.2. Тараптар Келісімді дамыту және оның орындалуын қамтамасыз ету үшін қалалық үшжақты әлеуметтік серіктестік және еңбек пен әлеуметтік қа-рым-қатынастарды реттеу жөніндегі комиссияның шеңберінде өзара кеңес беру негізінде құжаттарды әзірлейді, тиіс шешімдер қабылдайды, заң шыға-рушы және атқарушы органдарға ұсыныстарды әзірлейді және олардың іске асырылуына қол жеткізеді.
6.3. Келісімге қол қойылғаннан кейінгі 2 апта мерзімінде мәтіні қыс-қартусыз «Рудный Алтай» және «Дидар» газеттерінде жариялануға тиіс.
6.4. Тараптар комиссия құрамына өкілдерін, өзгертулер мен толықтыру-лар енгізеді және Келісімді жүзеге асыру бойынша жұмысты атқарады.
6.5. Комиссиялар бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс атқарады және жар-ты жылда 1 рет өз отырыстарын өткізеді.
6.6. Тараптар жыл қорытындысы бойынша өзіне алған міндеттер сала-сында Келісімді орындау жөнінде жазбаша ақпарат әзірлейді, оны қалалық комиссияға бір ай ішінде, келесіні есеп беру мерзімі кезінде ұсынады.
6.7. Келісімнің іс-әрекет кезеңінде оған қол қойған жұмыс берушілер бірлестіктері экономиканы тұрақтандыру, өндірістің құлдырауына жол бер-меу, істеп тұрған жұмыс орындарын сақтау және жұмыс орындарын құру бо-йынша барлық қажетті шаралар қабылдайтын болады.
6.8. Келісімді жүзеге асыруға әлеуметтік серіктестік тараптары бақылау жүргізеді.
6.9. Осы Келісім 2008-2010 жылдарға жасалды, қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Келісімнің іс-әрекет ету мерзімі 2010 жылға дейін.
6.10. Тараптар келісімде көрсетілген міндеттерін орындамаған жағдай-да заңнамада белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады.
Өскемен қаласының
әкімі Ш. БҰҚТҰҒҰТОВ
Кәсіподақтардың қалалық
үйлестіру кеңесінің төрағасы Н. ГАНУСОВА
Орта және шағын бизнес
қызметкерлерінің Шығыс Қазақстан
облыстық кәсіподағының төрағасы Г. КАЗАНЦЕВА
«Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық
экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысындағы
филиалының директоры А. ҚАЖЫБАЕВ
«Өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағы»
Шығыс Қазақстан қауымдастығы заңды тұлғалар
бірлестігінің төрағасы, Шығыс Қазақстан
облысының «Директорлар кеңесі» аймақтық
заңды тұлғалар бірлестігінің үйлестіру
кеңесінің төрағасы Ю. ШВАЙЧЕНКО
«Шығыс Қазақстан кәсіпқой
құрылысшыларының Ассоциациясы»
заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы И. ШАЦКИЙ |