|
Әлеуметтік сала
Жол картасы
2011 жылы «Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасын ұйымдастыру бойынша ақпарат
2011 жылы «Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасы аясында бастауыш, орта және жоғары оқу орындарының 370 түлегін жолдау жоспарлануда. Жастар іс-тәжірибесіне 29 жастан аспаған түлектер тек бір ғана шартпен, білімі туралы дипломды алған күнінен 12 айдан кем емес уақыт өткенде жолдана алады.
«Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасының мақсаты: түлектердің жұмысқа ораластыру мүмкіндіктерін қарастыру, алған мамандығы бойынша білімдерін толықтыру, дағдылану және үйрену, тәжірибе алу.
Жастар іс-тәжірибесінің өту мерзімі 1 айдан 6 айға дейін.
«Жастар іс-тәжірибесі» қатысушысына еңбек төлемақысы «Бизнес жол картасы 2020» аясында жеке табыс салығы мен міндетті зейнетақы жарнасының есебімен айына 26000 теңге мөлшерінде болжалуда.
«Жастар іс-тәжірибесінің» қатысушысына «Жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша еңбек төлемақысы бастауыш және орта-кәсіптік біліммен оқу орындарының түлектері үшін 1 төменгі еңбекақымен жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі біліммен түлектер үшін айына 1,2 төменгі еңбекақы мөлшерінде жүзеге асырылады.
Біздің мекенжайымыз: Тургенев көшесі, 30, телефон: 22-49-10
Жастарға арналған «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы
2011 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасының аясында жастар іс-тәжірибесін ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды.
Бағдарламаға сәйкес бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беретін оқу орындарының 250 түлегі қала экономикасының басым салаларында қызметтерін жүзеге асыратын шағын және орта бизнес кәсіпорындарына жастар іс-тәжірибесіне жолданады. Жастар іс-тәжірибесіне қатысу түлекке жұмысқа орналасу мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды, олардың алғашқы тәжірибе алуына және еңбек нарығында бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға көмектеседі.
Бағдарламаға қатысу уақыты 1 айдан 6 айға дейін жоспарланады. Жастар іс-тәжірибесі қатысушысының еңбекақысы жұмыссыздың жеке шотына аударумен то-лық айға 26000 теңгені құрайды.
Жастар іс-тәжірибесінің қатысушыларына еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік сақтандыру туралы заңнама таратылады.
Осы бағдарламаға қатысу үшін Тургенев көшесі 30, 304 кабинет мекенжайы бойынша Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бө-ліміне өтініш жасау қажет.
|