Домой Написать письмо Карта сайта
каз рус eng
  
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
Поиск по сайту
 

Азаматтық қоғам

"Status" әйелдер федерациясы

Ұйым тарихы: "Status" әйелдер ұйымы кәсіби, қоғамдық және жеке өмірлерінде құқықтық қысымшылық көрген, әрқайсысын мүдделер бірлігі тоқайластырған шағын топ құрудан басталды. Топтың толыққанды ұйымға айналуы 1999 жылы Мәжіліс пен Маслихат депутаттығына сайлау кезіндегі әйелдерді қоғам мен отбасы алдындағы қызметін ұмытып, билік тізгініне жармасқандар деп айыптады. Біз Ата заңымыздағы құқықтық теңдігіміздің шартты екендігін әрі мүмкіндіктер тепе-теңдігінің сақталмай отырғандығын айқын түсіндік. Бұл жаңа құрылған "Status" әйелдер федерациясының идеологиялық мұратына айналды.

Сонымен қатар ассоциация қыздар мен әйелдерге өмір сүруі, еңбеу етуі, ақпаратқа қол жеткізуі және отбасында, қоғамда және мемлекетте жынысына қарай бөлуге және күштеуге бармай шешім қабылдауы үшін бірлесе күресуде кеңестер беру, ақпараттандыру және оқытумен айналысады.

Бір жыл бойы ұйым тегін әрі жеке ынта-жігермен жұмыс істеді. Табандылықтың және ұйым құрылтайшыларының қаржылай көмегі арқасында сенім мен қоғамдық қабылдауға ие болдық. Жұмысымыздың бағыт-бағдарын айқындай алдық. Осы уақыт аралығында күштеу мен жыныстық кемсітушілікке кезіккен әйелдерге ақпарат, тегін психологиялық және заңды кеңес беруді қызметіміздің міндеті деп таныдық. Еңбегіміз зая кеткен жоқ. Жұмыс істегелі телефон арқылы және жеке қабылдаулар нәтижесінде 2100 әйелге кеңестер берілді. Соның ішінде жұмыспен қамтамасы ету жөнінде 774, азаматтық құқық бойынша заңды кеңес алуға 706 әйелдер мен қыздар хабарласса, қалған 26 пайызы тұрмыстық және жыныстық күштеуге ұшырағандар.

Федерацияның қызмет аясының кеңеюуімен хабарласушылар саны да өсе түсті. Үлкен күш-жігердің арқасында туындаған мәселені шеше отыра оның әлеуметтік негізі тым тереңде жатқандығын сезіндік. Мемлекеттің партиархалдық саясаты дәстүрлі қоғамдық құндылытарымен біте қайнаса отырып мәселені әйелдер қауымының табиғи болмысына тіреп қоюды әдетке айналдырған. Туындаған әлеуметтік проблема федерацияның жаңа стратегиялық қызмет бағытын қалыптастыруға түрткі болды. Ағартушылық қызмет екі бағытта жүзеге асырылды: біріншіден, ер және әйел адамдардың биологиялық және социомәдени қызметінің аражігіт ашып көрсету; екіншіден, әйелдердің құқықтық мәдениетін көтеру. Аталмыш мәселеге қатысты 2000 жылдан бастап обылыс аудандарында 87 семинар, студенттер арасында 22 рет дәріс оқылды. 2000-2001жылдары еңбек саласындағы әйелдер құқығының бұзылуы, қоршаған ортаның әйелдер мен қыздардың репродуктивтік салауатына тигізетін әсері және әйелдер мен қыздарға тұрмыстық жағдайда күш көрсетулерді болдырмау жөнінде дөңгелек үстелдер, жұмыс сапарлары және қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде 1325 адамға заңдық білім берілді.

Ұстанған саяси мұратымызды нақты көрсетуде, әйел жұртшылығын ақпарат алуға және шешім қабылдауға араласу мүмкіндігін қамтамасыз етуде бірқатар нормативтік-құқықтық актілерді жасауға ат салыстық. Осы жұмысымыздың кей қырлары «ҚР жергілікті өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңын талқылауда, «ҚР сайлау туралы» және «ҚР бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңдарына өзгерістер енгізуде елеп ескерілді. Биылғы жылы біз ЕҚЫҰ(ОБСЕ) және АВА / CEELI ұйымдарымен бірлесіп «Ерлер және әйелдер құқығы туралы» және «Тұрмыстық күштеу туралы» заңды ұсынып отырмыз. Қоғамдық тыңдауларға, аймақтық акцияларға қатысу арқылы әйелдер мәселесінің билік органдарында көтерілуіне барлық күш-қайратымызды жұмсаудамыз.

Ағартушылық қызметтің маңызды бағыты БАҚ жұмыс. Егер БАҚ басты оқырмандары мен көрермендері әйелдер қауымы екендігін ескерсек бұл үлкен насихат арнасы болып табылады. АҚ өкілдерін ұйым жұмысына тарта отырып, олар үшін де гендерлік және құқықтық мәселелер бойынша арнайы семинарлар ұйымдастырылуда. Журналистер қауымы бұл шараға қызығушылық танытып, мақсатты топтар жұмысына белсене араласты (мысалы: «Каз правданың» арнайы корр. В.А.Шевченко, «Рудный Алтайдан» Л.С.Семенова, «Ока» газетінен А.Шевченко, «Вечерный Усть-Каменогорск» газетінің арнай өкілі Ольга Гахова, «Караван регионнан» Д.Г.Данилевский). Біріккен жұмыстың нәтижесінде ТД үшін 27 сюжет, жергілікті және республикалық баспаларға 113 басылым дайындадық. 2002 жылы ассоциация «Разные и равные» басылымын шығаруға қаржылай көмек алды. Баспа атауы да ұйымның философиялық базисінен тікелей жалғастырушы орган болып табылады.

Қоғамның барынша кең аудиториясын қамту мақсаты қосалқы қаржылай қолдауды талап ететіндігі белгілі жайт. Сондықтан аймақтағы гендерлік саясатқа түсіністікпен қарап, қолдау көрсетіп отырған әріптестерімізге айтар алғысымыз зор. Олардың сенімдері мен қолдаулары, пікірлері мен ұсыныстары федерацияның тілек кітапшасында көрсетілген, мысалы: Қазақстандағы ЕО елшісі Майкл Хамфриздің, ЕҚЫҰ елшісі Ульриха Шонингтің, «PRAGMA» корпорациясының өкілі Ли Шамблиннің, Мильо контакт қорының өкілі Якобин Ритсменнің, ЕҚЫҰ өкілі Биргит Кайнцтің, Әлем Корпусының өкілі Энджел Фудың, USAID өкілдері Рик Дж. Гёрли және Дэвида Коррелдің, TSG өкілі Дина Фудың, ABA /CEELI өкілдері Гленна Т. Сарк пен Герри Д. Летбеттердің, АҚШ қауіпсіз энергия жөніндегі орталығының өкілі Фрэнсис Ю Мэйсидің, Халықаралық сарапшылар корпусының өкілі Джим Дэфенбаухтың, NDI өкілдері Эрик Кесслер мен Аллан Оливердің, CORDAID қорының өкілдері Лео Якобс мен Берта Рётинбиктің жылы лебіздері білдірілген.

Біз болашақтық нұрлы және сәулетті болатындығына сеніммен қарап, «барлығы біздің өз қолымызда» дегіміз келеді.

Жылы лебізбен "Status" әйелдер федерациясының президенті Ирина Унжакова

ШҚО, Өскемен қаласы. 492020. М.Горький көшесі, 50A. тел/факс: 8(3232) 26-72-26.
e-mail: status@mail.kz.,
Web-сайт: www.status-quo.freenet.kz 

 

Домой Написать письмо Карта сайта

070000, Қазақстан, Өскемен Киров көш , 33

Сайт әкімшінің телефоны: 8 (7232) 26-52-58
e-mail: vnpolit@oskemen.kz
Copyright © 2000-2010