Домой Написать письмо Карта сайта
каз рус eng
  
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
Поиск по сайту
 

Азаматтық қоғам

"Шығыс Қазақстан обылысының жастар және балалар ұйымдары ассоциациясы" заңды тұлғалар бірлестігі

Жастардың ұйымдарының жұмыстарының белсенділігін арттырып, әлеуметтік маңызы бар қызметтерді іске асырудағы рөлін нығайту үшін облыстағы жастардың үкіметтік емес ұйымдарын жастар ұйымдарының Ассоциациясына біріктіру процесі жүргізілді.

Шығыс Қазақстан облысының балалар мен жастар ұйымдарын біріктіретін бір ұйым құру идеясы Кеше ғана айтылып жүрген тәрізді еді, бүгінде ондай ұйым белсенді түрде өз жұмысын атқаруда. Ол ұйым Шығыс Қазақстан облысының балалар мен жастар ұйымдарының Ассоциациясы деп аталып, 2002 жылы 20 наурыз күні тіркелді. Ассоциация ШҚО ішкі саясат Департаментімен бірлесе жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда жастар егеменді Қазақстанды дамытуға белсенді түрде ат салысуда. Шығыс Қазақстан облысының өзінде ғана 14 жастар ұйымдары тіркелген. Сондықтан да жастардың күшін пайдалана білуіміз қажет.

Шығыс Қазақстан облысының балалар мен жастар ұйымдарының Ассоциациясының жұмысының нақты жолға қойылған уақыты 2003 жылдың көктемі. Дәл сол уақытта ЖОО қазіргі және бұрынғы студенттерінен тұратын жас мамандар командасы құрылып, Ассоциация өз жобаларын іске асыруға кірісе бастаған болатын.

Ассоциация жұмысының айшықты кезеңдерінің бірі ай сайын шығарылатын тегін облыстық ақпараттық-танымдық «Молодежный клуб» газетінің шығарылуы болды(2003 жылдың 14 ақпаны). Газет алғаш рет 5000 экземпляр тиражбен шықса, бүгінде тиражы 7777, болашақта 10000 экземплярға дейін арттыру жоспарланып отыр. Мұнда облыстың жас журналистері өңірдегі болып жатқан шаралар мен мәселелер туралы материалдарын жариялайды. Газет Ассоциацияның күшімен Шығыс Қазақстан облысының барлық аймақтарына, тіпті алыс аудандарына да таратылады.

Қазіргі уақытта балалар мен жастар ұйымдарының Ассоциациясы бірнеше жобаларды іске асыруда, олардың ең біріншісі – «Ауылдық мекендердегі жастарды әлеуметтік қамсыздандыру бойынша әлеуметтік қызмет орталығын құру» жобасы. Мақсаты – ШҚО ауыл жастарына өз мүмкіндіктерін іске асыруға кешенді консультациялық көмектер беру арқылы әлеуметтік-экономикалық жағдай жасау.

Екінші жоба – «ШҚО жастары үшін ақпараттық-сараптау агенттігін құру», негізгі мақсаты ШҚО жастары туралы ақпаратты алу, тарату және сараптау. Сондай-ақ жастардың ақпараттық құрылымдарының іс-әрекеттерін үйлестіру арқылы өңірдегі жастар саясатын жүргізу.

Үшінші жоба «Жастар бағдарламасы: түсінуге болатын бюджет» деп аталады, оны іске асырушы «За будущее Казахстана» қалалық қоғамдық бірлестігі. Жобаның негізгі мақсаты «Жастар және жастар саясаты 2004» қалалық бағдарламасының бюджетін қарастыру ісіне жастарды және жастардың коммерциялық емес ұйымдарын араластыру болып табылады.

Сонымен, облыста жастар саясаты бір жолға қойылды, енді белсенді істер мен әрекеттер күтуіміз керек. Жаңа жобалар мен идеялар туындауда. Оларды іске асыру барысында тек қана ШҚО жастарын емес, республикамыздың жастарын араластырамыз деген сеніміміз мол. Жаңа жобалардың ішінде жақын шет елдермен байланысқа бағытталған жобалар да бар. Ең бастысы, біздің күшіміз өзімізде, бірлігімізде екенін есте сақтауымыз қажет.

Егер сіздер қысқа ғана уақыттың ішінде «Журналистика негіздері» курсын өткілеріңіз келсе, Жастар ақпараттық агенттігінің жанындағы жас журналистер Клубына хабарласыңыздар! Келіңіздер! Курстың ұзақтығы 2,5 ай! Ең бастысы – тегін!

Анықтама телефондары: 289-334

 

Домой Написать письмо Карта сайта

070000, Қазақстан, Өскемен Киров көш , 33

Сайт әкімшінің телефоны: 8 (7232) 26-52-58
e-mail: vnpolit@oskemen.kz
Copyright © 2000-2010