|
Азаматтық қоғам
"Өскемен қаласының Жастар Парламенті"
 2005 жылдың 17 мамырында Өскемен қаласында студенттер, оқушылар, жұмысшы жастар мен қаланың ҮЕҰ өкілдерінен тұратын ұсыну тобының құрылтай жиналысында «Жастар Парламенті» қоғамдық бірлестігін құру туралы шешім қабылданды. Ұйымның Жарғысы бекітіліп, құрылымы анықталды.
Жастар ұйымының алдына қойған мақсаты - Өскемен қаласы жастарының жан-жақты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық және басқа да жағдайларды жасау, оның рухани, адамгершілік, интеллектуалдық, әлеуметтік мәртебесін көтеру, жастар бойында патриотизмді, демократиялық мәдениет пен азаматтық сана-сезімді қалыптастыру, белсенді жастарды Тәуелсіз Қазақстан идеясы маңына топтастыру. Аталған мақсаттарға жетуді ұйым Өскемен қаласының заң және атқару билігімен тығыз ынтымақтастық жағдайында жүзеге асады деп есептейді.
ЖП Жоғарғы органы үш палата мүшелерінен тұратын Конференция болып табылады:
1. Жалпы білім беру және кәсіби мектеп оқушылары;
2. ЖОО-ы, АООО-ы;
3. ҮЕҰ, жұмысшы жастар.
Палата мәселені қою, оны шешу жөніндегі бағдарламаны жасайды. Әр палатаны спиккер басқарып, ол ЖП Кеңесіне кіреді.
Кеңесті үш палата Конференциясында сайланған ЖП Президенті басқарады. Кеңес жобаларды қарайды, жоспарлар мен бағдарламаларды және басқа да жобалық мәселелерді шешуді талқылап қабылдайды.
ЖП Атқару органы Кеңес қабылдаған шешімдерді жүзеге асырады. Атқару органы есебінің нақтылығын, сондай-ақ ЖП қызметінің Заңдылыққа, Жарғыға, шарттар мен келісімдерге сәйкестігін бағалау жөніндегі функция бірлестік Конференциясына ғана жауапты Ревизиялық комиссияға жүктеледі.
2005 жылдың 2 маусымында «Жастар Парламенті» депутаттарының Конференциясы өтіп, оған барлық мектептер, КТМ, колледжлер, АООО-ы, ЖОО-ы, жүмысшы жастар мен ҮЕҰ өкілдері қатысты. Конференция жұмысы барысында бірлестік президенті, ұйым кеңесі және ревизиялық комиссия сайланды.
Өскемен қаласының «Жастар парламенті» ҚҚ Президенті - Сиковой Лев
ҮЕҰ және жұмысшы жастар палатасының спикері «FAITH - жастардық нашақорлыққа қарсы қайырымдылық орталығы» қоғамдық бірлестігінің Президенті Стандур Сергей Григорьевич.
Студенттік палатаның спикері Блинов Евгений.
Мектеп оқушылары палатасының спикері №38 гимназияның оқушысы Даурен Ғабдуллин
Атқарушы директор «Элита плюс» федерациясының президенті Красулина Татьяна Владимировна
|