Домой Написать письмо Карта сайта
каз рус eng
  
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
0
Поиск по сайту
 

Азаматтық қоғам

«Іскерлік болашақ» қоғамдық қоры «Виза» іскерлік оқыту орталығы

Бизнестік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға көмек көрсету жөніндегі «Виза» іскерлік оқыту орталығы» қоғамдық қоры 1999 жылы қазанда құрылған. Ұйымның мақсаты - әр түрлі фирмалар мен компаниялардың басқару әдістерін жетілдіру және бизнесін дамыту үшін қазіргі және тиімді оқыту формаларын пайдалану, оның нәтижелерін енгізуге көмектесу.

Қор мемлекеттік лицензия негізінде менеджмент, маркетинг, еңбек құқығы, қаржы, бухгалтерлік есеп және салық салу салаларында 21 кәсіп бойынша мамандар дайындау және білімін жетілдірумен айналысады. Жалпы 4 жыл ішінде 400 аса адам оқып, оның 190 жұмыспен қамтылған. 2000-2001 оқу жылында қосымша мамандықтар алу және жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында ШҚМУ шарт негізінде 120 адамды оқытып, оның 35 пайызы жұмыспен қамтылды. 2002 жылы Қор «Өскемен қалалық жұмыспен қамту орталығы» ММ ұйымдастырған тендерларға белсене қатысты. Бір жыл ішінде 3 топ оқытылды (63 адам, оның 30 жұмыспен қамтылды).

Қор қызметінің келесі бағыты – қала кәсіпорындарына арналған оқыту бағдарламалары. Ол ұйымдастыру, кадр, басқару мәселелері боййынша тренингтер өткізу. Аталмыш қызметті қолдап қаржыландырған американдық Евразия қоры, Прагма корпорациясы. Біріккен қызметтің нәтижесінде орталықта 98 кәсіпорынның 679 өкілі білімін жетілдірді. Олардың арасында «Связь-ремонт» ЖШС, «Қазорталық» ЖШС, «Алита» ЖШС, «Құрлысалаңы» орпорациясы, «Вита» орталығы, «Крис» ЖШС, «Сорбент» ЖШС, Юниверсал-Содексо корпорациясының ШҚ Евразия бөлімшесі, «Эйвис» ЖШС,, «Эра» ЖШС, «Айтас» компаниялар тобы, «Защита дирмен заводы» ЖШС, «Илья» фирмасы, «Қазмедимпорт» ЖШС, «Үлбі-комплекс» ЖШС және т.б.

Ұйым өз клиенттеріне алдын-ала ашық семинар тақырыптарын ұсына алады. Оқыту корпоротивтік немесе компанияның қажеттіліктері мен мақсатына орай жеке бағдарлама негізінде оқытылады. Қордың белсенді корпоративтік клиенттері: "Rating" ЖШС, "Өскемен Конденсатор Заводы"ААҚ, "Қазақстан тенге сарайы" РМК, "Бона" ЖШС, "Тойота-центр Восток" ЖШС, "101 дәріхана" ЖШС, "Эконика" дүені, "Прима" ЖШС. Өткізілген семинарлар фирма қызметтеріне нақты жетістіктер әкелді. "Rating" ЖШС «Корпоративтік мәдениетті қалыптастыру» семинарында қызметкерлердің мінез-құлық кодексі жасалынып, ұйым миссиясы анықталды, ұжымдық еңбек шарты құрылды. «Практикалық маркетинг» семинарының нәтижесінде 2002 жылға фирманың маркетингтік жоспары жасалынды. «Клиенттерге қызмет көрсету» семинарынан соң фирма клиенттерімен кері байланысты қалыптастыру туралы шешім қабылданып «Шоқтан кейінгі дабыл» бағдарламасы енгізілді.

Конденсатор заводындағы «Адам ресурстарын басқару» және «Нарықты талдау және маркетингтік зерттеулер» семинарының нәтижесінде іс-әрекет жоспары жасалынып, оны жүзеге асырудың шаралары бекітілді. Оқыту нәтижесінде еңбек ұжымы завод бағдарламалары мен жсопарларына біршама бесленді араласып, еңбекке ынталылық өскен.

Аталған бағыттардағы ұйым жұмысының нәтижелілігі ұйымдастыру, басқару және кадр мәселелері бойынша консалтингтік қызметті дамытуғы негіз болды. Жалпы қор 109 семинар өткізіп, одан 1689 адам оқып шыққан.

Қазіргі таңда қор қаланың ірі компанияларымен ынтымақтастықты дамытуда. Осы ретте ұйым жұмысына бизнес және басқару саласында мол тәжірибе жинақтаған әрі халықаралық оқу орталықтарында білім алған жаттықтырушы-кеңесшілер еңбек етеді. 21 оқытушының 1 ғылым докторы, 7- ғылым кнадитаттары, қалған бөлігі өз саласының жетекші мамандары. Оқу үрдісін жетілдіруде үлкен топтарға арналған аудиториялар, кітапхана және мол әдістемелік материалдар жинақталған. Сабақ оқу орнымен қатар тікелей өндіріс орныдарында да жүргізіледі.

Біз төмендегі жобаларды жасап, сәтті жүзеге асырдық:

  • «Қоғамдық байланыс» бағдарламасы - АҚШ кәсіби тәжірибе өту, АҚШ Мемлекеттік департаменті, IREX 2004;

  • «Кәсіпкерлер мектебін құру» жобасы - 2001-2002жж., Евразия қоры;

  • «Психологиялық тәсілдер арқылы Тұлғаралық қарым-қатынасты дамыту» жобасы, IREX 2005.

Біздің қор «онжылдықтың озық кәсіпкері» республикалық байқаудың «Оқу және консалтинг» номинациясында жеңімпаз атанса, Прагма корпорациясы ұйымды 2002 жыл қорытындысы бойынша Орталықазия аймағындағы ең үздік оқу орталығы деп таныды. Көп жылдық еңбегіміздің жемісі ретінде Қаланың бұрынғы әкімі В.Н.Сухарукованың, ШҚО білім беру департаментінің, «Қазақстан тенге сарайы» РМК, "Rating" ЖШС және т.б. алғыс хаттарымен марапатталды.

 Орталықта білім алу - өміріңізді өзертуіңіздің, өз ісіңізді бастаудың, сәттілік пен сенімділікті нығайтудың, дүниеге жаңа қырынан қараудың таңдаулы жолы.

 БІЗ СІЗДІҢ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУІҢІЗГЕ КӨМЕКТЕСЕМІЗ!

«Іскерлік болашақ» қоғамдық қоры «Виза» іскерлік оқыту орталығы

  492020 Өскемен қаласы. Белинский көшесі, 36, 21-офис
  тел/факс: 22-11-51; 22-61-18. e-mail: viza@ukg.kz
www.viza.freenet.kz 

Домой Написать письмо Карта сайта

070000, Қазақстан, Өскемен Киров көш , 33

Сайт әкімшінің телефоны: 8 (7232) 26-52-58
e-mail: vnpolit@oskemen.kz
Copyright © 2000-2010