GISMETEO: Погода по г.Усть-Каменогорск

Біз есірткіге қарсымыз!

2011 жылдағы есірткіге қарсы күрес бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат 

Білім беру мекемелерінде мектеп инспекторларымен және білім беру мекемелерінің әкімшілігімен, облыстық наркология өкілдерімен бірлесіп оқушылармен және ата-аналарымен салауатты өмір салтын насихаттап және әрекеттегі заңнаманы түсіндіру мақсатында   «дөңгелек үстелдер» өткізіледі. 
Білім беру мекемелерінің әкімшілігімен, облыстық наркология өкілдерімен және психологтармен бірге  кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша учаскелік инспекторлар ата-аналар жиналысына, нашақорлық мәселесі бойынша, шылым шегу және балалар қылмысы мен қадағалаусыздығы лекторияларына қатысады. 
Осылайша, 05.09.2011 жылы ҮПБ КЖТБ мектеп инспекторы Д. Глебовпен   № 27 ОМ «нашақорлық және оның зардабы» атты тақырыпқа дәріс өткізіліп, соңында «Нашақор» тақырыбына бейне ролик көрсетті.   
10.09.2011 жылы   № 22 ОМ ҮПБ КЖТБ қызметкерлерімен жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізілді, онда көбінесе назар кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлық пен ішімдікке бөлінді. Жиналыстың аяғында ата-аналар «Нашақор» тақырыбына бейне ролик көрді, содан кейін   брифинг өткізілді.
Мектепте шаралар өткізілгенде ШҚО ІІД ЕБҚКБ әзірленген  стикерлер, «Есірткісіз болашақ»  журналдары,  «Наркопост», жадынамалары, есірткіге қарсы тәрбие беретін күнтізбелер мен буклеттер  таратылды.  
Оқушылар жазғы уақытта жазғы демалыста болғандарына  байланысты,  есірткіге қарсы сұхбаттар мен дәрістерді мектеп лагерлеріндегілерге оқылды. 
Осылайша, 01.07.2011 жылы Ертіс ПБ ҚҚБ мектеп УПИ Ж.Ю.Дузгумбаева №36 ММОМ жазғы мектеп лагерінің басшыларымен бірге мектеп аумағында «Біз есірткіге қарсымыз» атты сурет сайысын өткізді, онда 2-4 сынып оқушылары қатысты. Бірінші орынды 3 сынып оқушысы Симова Екатерина алды.
08.07.2011 жылы №29 ММОМ мектеп    лагерінде ҮПБ ҚҚБ КЖТБ УПИ полияция капитаны Л. Наурызбаева балаларға насыбайды пайдалану мен шылым шегудің  зияны туралы айтып берді.  

02.07.2011 жылы № 7 ОМ жазғы мектеп лагерінде «Болашақ есірткісіз» атты ұранмен тасжолға «әлем түрлі түсте», «Менің қалам» деген сурет сайысы өтті.  
2011 жылдың 9 айында мектептер арасында ЕПБ КЖТБ мектеп инспекторларымен нашақорлықтың алдын алу бойынша 98 дәріс оқылды. 
Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау үшін ОНД нарколог-дәрігерлері мектеп инспекторларымен бірігіп оқу мекемелерінде дәрістер жүргізілді.  
Барлық мектептерде есірткі посты өткізіліп, онда психолог және мектеп инспекторы қатысты. Есірткіге қарсы насихаттарды ілетін стендтер бар.   
А.ж. қыркүйек айында мектеп инспекторлары білім беру ұйымдарымен бірге 2011-2012 жылдың оқу  жылына бекітілген жоспарымен жұмыстарын жалғастыруда.

3 тоқсанда мектепішілік жоспарға сәйкес мектептерде іс-шараларды өткізу жалғастырылады. Осылайша, суреттер мен үн парақтар көрмесі № 1, 12, 13, 20, 22, 24, 26, 29, 31, 39, 40, Ново-Явленка мектептерінде; акциялар, фестивальдер № 10, 20, 22, 23 мектептерінде; дөңгелек үстелдер, жаңа формадағы жұмыстарды пайдаланумен сынып сағаттары № 9, 10, 17, 24, 32, 40, «Бриг» мектептерінде; тренингтер № 1, 17, 22, 23, 26, 39, Ново-Явленка, Меновной мектептерінде; экускурсиялар мен туристік сапарлар № 2, 9,11, 12,  13, 22, 23, 26, 40, 45 мектептерінде; денесаулық күндері, спорттық жарыстар 45 мектепте, қала сыртындағы аймақтарға шығу 43 мектепте ұйымдастырылды.

Қала мектептерінде наркопосттардың құрамы жаңартылды. 1.09.2011 жылдан бастап 44 наркопост жұмысын бастады, олар арқылы «Есірткісіз болашақ» балалар қозғалысы дамиды. Наркопосттардың құрамына 437 адам кіреді, олардың ішінде: педагогтар – 209, оқушылар – 151, ата-аналар қауымдастығының өкілдері – 23, медициналық қызметкерлер – 44, мектеп инспекторлары – 8, қолдаушылар – 2. 3 тоқсанда жұмыс жоспары құрылып, ұйымдасытырылған отырыс өткізілді.
Одан басқа, наркопосттардың мүшелері «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» қалалық байқауға қатысты
Есірткі заттарын тарату бойынша ақпарат алу мақсатында, барлық білім беру мекемелерінде есірткі қылмысы туралы жазбаша хаттарға арналған «Сенім жәшігі» жұмысын жалғастырады. Аталған жұмыс №  1, 2, 9, 10, 11, 13, 17, 20, 22, 23, 24, 26, 29, 31, 39, 44 мектептерінде, Крупская атындағы интернатында қойылған. Есірткі қылмысы туралы хабарламалар түскен жоқ.
Білім беру бөлімінің сайты бетінде «Сенім мәселелері» айдары жұмыс ісітейді, онда 2011 жылдың 3-тоқсанында материалдар орналастырылды: «Баланы мектепке қалай дайындайды?», «Көңіл көтеретін психология». Сайтқа кірушілерге консультативтік қолдау көрсету кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

 


Информация по теме

16.11.2011 «Допинг» жедел алдын алу шарасы

«Допинг» кең ауқымды жедел алдын алу шарасының 4-ші қорытынды кезеңі басталды. Өскемен қ. ІІБ полиция қызметкерлерімен есірткі қылмысының жолын кесіп, алдын алуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүзеге асырылды. Подробнее...


14.11.2011 Ол бәлеге жолама

БҰҰ басқармасының бағамдауынша есірткі қолданатындардың жалпы саны әлемде 200 миллионнан асып жығылады екен. Облысымызда 2011 жылдың 9 айлық қоры-тындысы бойынша нарколог дәрігерлердің қарауына 3962 адам тіркеліпті, оның 48-і балалар мен жасөспірімдер. Подробнее...


09.11.2011 Жастар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу бойынша баспасөз мәжілісі

08.11.11 сағат 10.00-де Киров көшесі, 66 мекенжайында орналасқан Ұлттық баспасөз клубында «ШҚО-есірткісіз аумақ» атты баспасөз мәжілісі өтті. Подробнее...


23.09.2011 Біз есірткіге қарсымыз!

Өскемен қаласында нашақорлықпен күрес бойынша белсенді жұмыс атқарылуда. «Өскемен қаласында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасы», «Өскемен – есірткісіз қала» атты 2011-2012 жылдарға арналған кешенді қозғалысы, «Шығыс Қазақстан облысында құқық бұзушылықтың алдын алудың 2011-2013 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жүзеге асырылуда. Подробнее...